Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет38/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Материал және метод
Зерттеу нысаны – COVID-19 пандемиясының медиамәтіндегі көрінісінің 
прагматикасы; зерттеу материалы – ресми басылым «Егемен Қазақстан» 
газетінде COVID-19 пандемиясына қатысты 2020 жылдың наурыз-тамыз 
айы аралығында жарық көрген мақалалар.
Зерттеуде мәтінді мазмұндық-құрылымдық, коммуникативтік-
прагматикалық тұрғыдан қарастырғанда, сипаттау, талдау, салыстыру, 
қорыту сияқты зерттеудің жалпы әдіс-тәсілдерімен қатар лексикалық 
бірліктердің семантикалық реңктерін анықтауда компоненттік (семдік) 
талдау, грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік құрылымдардың
айтылымдардың коммуникативтік-прагматикалық қызметін ашу 
үшін дәстүрлі морфологиялық, синтаксистік және функционалды-
семантикалық талдау әдісі қолданылды.


92
Нәтижелер
Прагматикада негізгі категория – субъект категориясы (Степанов, 1981). 
Коммуникативті-прагматикалық зерттеулерде субъект категориясына 
қатысты адресант факторы маңызды, бұл автордың газет мәтіні арқылы 
көрінетін адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынасты реттеуші 
қызметімен байланысты. Сонымен қатар кейде адресаттың ықпалы 
басым болса, кейде коммуникацияға сәйкес екі субъект тең дәрежеде 
қарым-қатынас жасауы мүмкін.
Газет мәтініндегі автор мен оқырман тұлғаларының берілуінде екі 
концепция бар. Бірі – автор субординациялық қатынасты өзі анықтап, 
адресатқа қатысты алғанда, басшы, жетекші, оқытушы рөлін атқарады
екінші – автор адресатпен тең дәрежеде қатынас жасап, өзара сенімге 
ие болуға, екі жаққа да қолайлы атмосфера қалыптастыруға тырысады 
(Есенова, 2007: 143).
Адресат туралы Ирина Кобозева былай деп жазады: «Коммуникативтік 
актіге қатысушылар арасындағы адресат мәртебесі мен олардың қарым-
қатынастағы жақындық дәрежесі сыпайы қарым-қатынастың қандай да 
бір түрін таңдауды жүйелеп отырады. Бұл олардың арасындағы таңдап 
алынған қарым-қатынас түрінен, бір-біріне ақпарат беруде ойды «жұмсақ» 
және «қатаң» формалармен жеткізуінен, ауызша қарым-қатынаста дауыс 
ырғағынан, арнайы сыпайылық маркерлерді қолдануынан көрінеді» (2008: 
224). Осы берілген тұжырымдар негізінде материалдарды топтастыруда 
субъект категориясы негізге алынды.
COVID-19 пандемиясы қатысты «Егемен Қазақстан» газетіндегі 
мәтіндерді талдау нәтижелер:
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет