147
пандемиясы тақырыбындағы материалдарды қалай жазғаны
сарапталады. Ол үшін таңдалған бес медиаұйымның
COVID-ке қатысты
барлық жарияланымдарына контент-анализ схемасы сүзгілері (1-кесте)
қолданылады. Соның нәтижесінде бірнеше қызықты тренд, нақтылай
айтқанда, материал паттерні мен медиада қалыптасқан баянға қатысты
үрдістер айқындалды.
Біріншіден, төмендегі екі сызба анық көрсетіп тұрғандай,
Қазақстандағы ахуалды хабарлауда қазақстандық және шетелдік
медиаұйымдар ұстанымында өте айқын айырмашылық бар. Қазақстандық
медианың пандемия туралы материалдары тым «оптимистік» көрінді,
мұның дағдарыстың ең шиеленісті тұсы сарапталған кезеңде болғанын
айта кету керек. Негатив месседж саны 28% ғана болса (жалпы материал
тренді де осындай еді), шетелдік медианың мұндай көрсеткіші 67% болды.
Бұл – қазақстандық БАҚ-тың пандемияға қатысты басты проблемаларды
жасырып қалуға тырысуының бірінші индикаторы.
3-сызба. Қазақстандағы COVID-19 ахуалын хабарлаудағы қазақстандық (яғни The
Astana Times, KazInform, KazakhTV) және шетелдік (яғни Азаттық пен EurasiaNet)
БАҚ-тың куалитатив контент түрлері үлестері.
Дереккөз: автор контент-анализ нәтижелері бойынша есептеген.
Екіншіден, зерттеуде қазақстандық БАҚ COVID-19 дағдарысы туралы ішкі
және сыртқы материалдарға әртүрлі стратегия
қолдану ықтималдығы
туралы гипотеза сыналды. Осы мақсатта COVID-19 туралы ішкі және
сыртқы аудиторияларға арналған жарияланымдар айырмашылығын
көру үшін қосымша сүзгілер қолданылды. Зерттеуші күткендей, бұл
гипотезаны материал жарық көрген уақыт дәлелі растады. Белгіленген
кезең бойы қазақстандық жарияланымдардағы шет елдердегі ахуал
туралы материалдарды негатив месседж призмасынан талдасақ, шет
елдердегі COVID-19 туралы негатив материал үлесі ішкі ахуалға қарағанда
әлдеқайда күшті екенін жарияланым графигі көрсетті (4-сызбаны
қараңыз). Іс жүзінде мұндай жайт бүкіл сараптама кезеңіне тән.
Бұдан да қызықты жайт бар. Қазақстандағы COVID-19
жұқтырғандар
саны кульминациясына жеткен шілденің алғашқы жартысында
қазақстандық БАҚ-тағы пандемияға қатысты ішкі проблема туралы
хабарлама саны маусым айы соңындағы саннан аз болды. Алайда
шет елдердегі ахуал туралы негатив материалдар маусым айының
соңындағыдай күшті күйінде қалды. Мысалы, шілдеде Қазақстанда ауру
жұқтырудың жаңа сандары туралы хабарламада үнемі Иран, Жапония
148
(нақтылай айтқанда, Токио), Италия мен АҚШ-тағы COVID-19
вирусының
тез таралуы немесе одан қайтыс болғандар саны да жазылып отырды. Бұл
елдердегі вирусты жаңа жұқтырғандар саны туралы хабарламаға қасақана
ниет мотивация болды деуге дәлел жоқ болса да, қазақстандық медианың
Қазақстанның іргелес көршісі немесе серіктесі емес, кездейсоқ таңдалған
осы елдердегі COVID-19 ахуалына белсенді қызығушылық танытқаны
біртүрлі күмәнді көрінеді. Жалпы алғанда, қазақстандық
медиа өзге
елдердегі ауруды жаңа жұқтырғандар санын ел ішіндегі ауруды жаңа
жұқтырғандар саны сияқты белсенді хабарлап отырды (детальды
мәліметті 4-кестеден табасыз).
4-сызба. Қазақстандық БАҚ-тың (The Astana Times, KazakhTV, KazInform) COVID-19-
ға қатысты ішкі және ахуал туралы жарияланымдарындағы негатив месседж
үлестерін салыстыру
—
Шетелдік негатив (жалпы)
—
Отандық негатив (жалпы)
Дереккөз: автор контент-анализ нәтижесі бойынша есептеген (мәлімет
жарияланым үлесі түрінде көрсетілген).
Түрлі медиаұйымдардағы COVID-19-ға қатысты жарияланымдарды
тақырып бойынша жіктеу контент-анализ
барысында анықталған
кейбір материал тақырыбына тән трендтерді жақсартуға көмектеседі.
Төмендегі кестелерде (4-кесте және 5-кесте) қазақстандық және шетелдік
медиаұйымдардың COVID-19-ға қатысты материалдарында ең жиі
кездесетін 10 тақырып берілген.
4-кесте. Қазақстандық БАҚ-тағы COVID-19-ға қатысты материалдарда ең жиі
кездескен тақырыптар жіктемесі (медиаұйым бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: