235
қолданушысының басқа қолданушыдан алған хабарламаны таратуына
шектеу қойды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы «Verified» деп аталатын жаңа бастама көтеріп,
уеб-сайт ашты. «Жалған ақпарат онлайн, мессенджер қосымшалары
арқылы және бір адамнан екінші адамға тарайды. Ал оны жазғандар
сауатты жазу-тарату әдісін қолданады. Онымен күресу үшін ғалымдар
мен Біріккен ұлттар ұйымы сияқты институттар бірігіп, халыққа сенімді
ақпарат ұсына білуі керек», – деді бастаманы жариялаған БҰҰ бас хатшысы
Антонио Гуттериш (Woсe, 2020). Бірақ бұл талпыныс та инфодемияны
тоқтатуға қауқарсыз болып шықты.
Сонымен қатар Синелли мен оның әріптестері атап өткендей (2020),
тараған ақпарат халықтың жүріс-тұрысына қатты әсер етіп, үкіметтің
шараларының тиімділігіне әсер етті. Сондықтан инфодемияның себебі
неде жатқанын және оның алдын алу амалдарын білген жөн.
Осы зерттеу жұмысымызда шолу жасалған әдебиеттердің бәріне
сүйене отырып, COVID-19 вирусына қатысты ақпарат Қазақстандағы
әлеуметтік медиада қалай тараған, манипуляция қалай жасалған,
ақпарат қаншалықты өзгерген және Қазақстан халқы неліктен белгілі
бір әлеуметтік медиаға сүйенген деген сұрақтарға жауап беруді мақсат
тұттық.
Достарыңызбен бөлісу: