239
пен алып-қашпа әңгіме оңай билеп алуы мүмкін.
Респонденттердің жартысынан азы (с=128, 40.00%) мемлекеттік
медианың ақпаратына сүйенсе, көбі (с=165, 51.56%) мемлекеттік медиа
мен жекеменшік медиадан қатар алуға қарсы емес. Сондықтан ақпаратты
ресми дереккөздерден алып, оны әлеуметтік медиадағы ақпаратпен
салыстыратындардың
санының артуы қай мәлімет рас, қайсысы жалған
екенін анықтауға үміттенгенін көрсетеді.
a
Халық пандемия басталғаннан бері COVID-19 вирусынан емделу мен
алдын алудың медициналық ұйымдар растамаған тәсілдерін естіп
келген. Дәстүрлі медицинаға сенімі туралы сұраққа жауап берген
қатысушылардың 60,19% (192) бейтарап позицияны ұстанса, 24,14% (77)
негатив позицияны ұстанып, дәстүрлі медицинаға сенбейтінін көрсеткен,
қатысушылардың аз ғана бөлігі (с=50, 15,67%) «позитив»
ұстанымда
болған, яғни дәстүрлі медицинаға сенетінін және қолдайтынын айтқан.
Жоғарыдағы нәтижелер мен дискуссияның бәрі өкілетті билік органы
халықтың ақпаратқа зәрулігін дер кезінде өтемесе, халық ақпаратты кез
келген жерден іздеп, әуре-сарсаңға түсетінін көрсетіп отыр. Осылайша
халық апат, пандемия немесе соғыс кезінде, негізінінен, бұрмаланған
ақпаратқа сеніп кетеді. Мұндай құбылмалы кезеңде әлеуметтік медиада
ақпаратты бейресми бөлісетін адамдар шынайы жағдайды әртүрлі
көрсетеді. Қазақстанда COVID-19 кезінде жаһандық және жергілікті
өкілетті институттар вирустың тарауы жөніндегі ақпаратты сенімді
түрде таратқанға дейін халық ақпаратты әлеуметтік медиадан алған.
Бұл кезеңде
халық ақпаратты бөлісуге, негізінен, мобайл телефондағы
әлеуметтік медиа қосымшаларын пайдаланған. Ақпараттың нақтылығын
тексергендер өте аз, көбі келіп түскен мәліметтің қаншалықты объектив
немесе рас екеніне мән бермеген.
Зерттеуші ғалымдар халықтың COVID-19 пандемиясы кезіндегі
ақпарат іздеу құлшынысын бақылау арқылы не себепті әлеуметтік медиаға
толық арқа сүйегенін түсіндіруге тырысқан. Теориялық негіз ретінде
240
медиаға тәуелділік теориясын қолданып, мемлекеттік денсаулық сақтау
қызметкерлері ұсынған ақпараттың сенімділігін
коммуникацияның
басқа балама арналарын қолдануымен қаншалықты байланысты екенін
тексерген. Зерттеудің басты нәтижесі – мемлекеттік денсаулық сақтау
саласындағы лауазымды тұлғалар ұсынған ақпаратқа деген сенімнің
төмен болып, COVID-19 туралы ақпарат алуда әлеуметтік желі мен
әлеуметтік медианың көбірек пайдаланылғаны байқалғаны. Осы зерттеу
жұмысы медиаға тәуелділік теориясында айтылғандай, белгісіздік
артқан
сайын, халықтың ақпаратты көбірек талап ететінін, бірақ басты ақпарат
көзінің сенімділігіне күмән туса болғаны, белгісіздікті сейілту үшін басқа
коммуникация арналарына бет бұруға бейім болатынын көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: