236
Тай мен Сун 2003 жылғы SARS эпидемиясы кезінде қытай азаматтарының
медиаға тәуелділігін зерттеген мақаласында (2007) Қытай үкіметінің
ақпаратты қадағалауы кесірінен қытай халқы
белгісіздік пен екіұдай
мәліметтің анық-қанығына жету үшін интернет пен қысқа хабарламаларға
жүгінген деп жазған.
Бұл зерттеу жұмысы үшін Медиаға тәуелділік теориясының маңызы аса
жоғары болды, өйткені қазақ халқының COVID-19
індеті басталғалы бері
ақпаратқа зәру болуы мен белгісіздік күйге түсуін түсіндіруге ауқымды
негізді осы теория ұсына алады. Бұл теория пандемияның халықты түрлі
коммуникация арналарын қолдануға итермелегенін түсіндіреді. Қазақстан
халқының неліктен белгілі бір әлеуметтік медиаға сенім артқанын тексеру
үшін COVID-19 пандемиясының бірегей оқиға екенін ашып көрсету керек.
Медициналық ұйымдардың нақты нұсқаулық
пен ақпарат ұсына алмауы
және үкіметтің транспарентті болмауы белгісіздікке үлкен себеп болғаны
айдан анық. Нақтырақ айтсақ, медиаға тәуелділік теориясы халықтың
ақпаратқа зәру екеніне және медиажүйенің
ақпаратты жинау мен ұсыну
әлеуетіне мән бере отырып, адамдардың медиаға сенім артуының басты
себебі – ақпаратқа зәрулігі деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: