1-ші тақырып. Макроэкономика пәні және әдістері (2 сағат) Талдау сұрақтары: 1.Макроэкономиканың талдау әдістері.
Макроэконикалық талдау әдістерінің екі түрі бар:
Жалпы ғылыми әдіс
- ғылыми абстрактылы;
- талдау және қорыту;
- тарихи және логикалық бірлік;
- жүйелі-функционалдық;
- экономикалық-математикалық үлгілеу;
- нормативті және позитивті тәсілдердің сәйкестігі.
Макроэкомикалық талдаудың ерекше әдісі – агрегаттау. Агрегаттау- жеке процестерді макродеңгейде тұтас бір жүйеге келтіруді айтады. Агретталған шамалар жұмысыздық деңгейін, инфляцияны, нарықтың ахуал жағдайын және оның өзгерісін сипаттайды.
2.Макроэкономикалық үлгілер деп экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысуын алгебралық, сызбалық, математикалық және логикалық үлгіде көрсетуін айтамыз.
Макроэкономикада қолданылатын жалпылама үлгілер:
Айнымалы ағындар үлгісі
Кейнс үлгісі, IS-LM үлгісі
Маркс үлгісі
Солоу үлгісі
Домар үлгісі
AD-AS үлгісі
Самуэльсон үлгісі
Харрод үлгісі
3. Айналым ағындарының үлгісі.
Табыстар мен шығындар бір бірімен өзара тікелей байланысты. Шығыңдардың көп болуы табыстың артуына, табыстың өсуі шығындардың көбеюіне әсерін тигізеді. Осыдан шығындар мен табыстардың айналым үлгісі пайда болады.
4. «Корлар мен ағындар» үлгісі.
Макроэкономикалық өзгермелер ағындар және қорлар деп те екіге бөлінеді.
Ағын өзгермелісі уақыт аралығында болған экономикалық проблемалардың өзгерісін сипаттайды және уақыт бірлігімен өлшенеді (бір ай, бір жыл, бір апта т.с.с).
Қор өзгермелісі тек белгілі уақыт сәтіне белгіленеді және зерттеліп отырған объектінін жағдайын белгілі күнге қарай сипаттайды.
Ағындар қорлардың өзгеруіне септігін тигізеді және ағымдар мен қорлар өзара байланысы нәтижесінде айнымалы ағындар үлгісін құрайды.
«Ағу-алып тастау» және «инъекция-құйылу»
Инвестициялар экономикаға құйылу, ал қор жинақтары экономикадан алуды (алып тастауды) білдіреді.
Құйылу дегенге шығындар ағынын, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алып тастауға жатпайды). Алып тастау – ол шығындардың, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады
Тест сұрақтары 1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктеріне жатады:
А) Сызбалар құру.
В) Үлгілер құру.
С) Маржиналдық талдау.