129
қарсы қолдануға болады. Біздің еркіндігіміз өзге адамдарға зиян келтіруге
қолданылмауы керек. Адамдардың денсаулығын сақтауына аса маңызды
денсаулық сақтау саласын коммерцияландыратын жеке кәсіпкерлік өзге
адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді деуге болады. Себебі адамның
өмірі мен денсаулығына қатысы бар көмек алуын коммерциялық негізге
тұрғызады.
Еркіндік дегеніміз – денсаулық сақтау секторын коммерцияландырып,
оны табысты максимумға жеткізу құралына айналдыру арқылы көптің
денсаулық сақтау құқығын шектеу, оны қолжетімсіз қылуды білдірмесе
керек. Денсаулық сақтау саласын коммерцияландыру миллиондаған
адамды қинап, олардың денсаулығын құртып, тіпті өмірден өтуіне
жеткізеді. Себебі олардың қалтасы медициналық қызмет немесе
препараттарды алуды көтермейді. Оған қоса, мемлекетке өзінің басты
функцияларының бірі – халық денсаулығын сақтау ісін қысқарту, тіпті
оны тәрк етуге тура келеді.
Денсаулық сақтау жүйесін неолиберал капитализм линзасы арқылы
бюджет ақшасымен табысты максимумға жеткізуші құрал ретінде
көретіндер – адам құқықтарын бұзушылар. Неолиберал капитализмнің
таралуының ең қауіпті салдары халықтың құлағына экономика мен
саясатта, тіпті адам өмірінде мораль мен этикаға орын жоқ деген ойдың
құйылып қойылғанында болса керек. Алайда Сангера мен Сатыпалдиева
(2020b: 2) атап көрсеткендей, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
саласының ғалымдары, бақуаттық, заңдылық пен әділдікке қатысты баға
бермей тұра алмайды.
Қазақстан қоғамы мен интеллектуалдары адам құқықтары, адамның
денсаулығын сақтау құқығы, әділдік, әлеуметтік әділдік, әлеуметтік этос,
қоғамдық мораль, ортақ игілік сияқты мәселелер мен концепциялар
дискуссиясына белсендірек атсалысуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: