Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет50/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қорытынды
Адам құқықтары туралы барлық басты құжаттар адам құқықтарының 
табиғи немесе моральдық/философиялық концепциясына құрылған, 
онда барлық адам – адам баласы болғаны және адамдық қадір-қасиеті 
үшін ғана адам құқықтарына ие делінген (Liao & Etinson, 2012: 327–328). 
Адам құқықтарының жалпыға бірдейлігі туралы идея заманауи мемлекет 
пен нарықтық экономиканың адамның қадір-қасиетіне төндіретін 
қауптеріне жауап береді (Donnelly, 2006: 612). Адамның фундаменталды 
құқықтарының бірі – денсаулық сақтау құқығы осы формат аясында 
қарастырылуы керек.
Мемлекет пен халық денсаулығының жаңа түсінігінің мәні кең 
мағынадағы адамның қадір-қасиеті мен қауіпсіздігі ұғымына сай болуға 
тиіс. Негізі, қазіргі мемлекет философиясы әлеуметтік қамсыздандыру, 
қоғамдық денсаулық саласы мен қоғамдық білім беру салаларын 
қорғауға негізделу керек. Қоғамдық/ортақ игілік болатын денсаулықты 
сақтау құқығы сияқты адам құқықтары жекешелендірілмеу және 
коммерцияланбау керек. Сондықтан денсаулық сақтау саласы мен 
мемлекеттік функциялардың коммерциялануын насихаттайтын 
неолиберал капитализм адам құқықтары түсінігінің кей маңызды 
аспектілеріне қайшы. Оған осындай баға берген абзал. Нарық заңдары 
бәрін анықтай алмайды.


130
Адам құқықтары мен халықаралық құқық зерттеулерінде денсаулық 
сақтау құқығы – ұжымдық құқық деген көзқарасты қолдайтын мықты 
тренд бар. Оны қолдаушылар ауқымды қоғамдық денсаулық және 
әлеуметтік өлшемдерді қолдануды және түбі «ғаламдық денсаулық 
сақтау құқығын» түзуді талап етеді. Жалпы алғанда, денсаулық сақтау 
саласы мен мемлекет философиясын коммерцияландыру арқылы 
неолиберализацияның адамның денсаулық сақтаудағы негізгі құқығына 
төндіретін қаупі туралы көбірек айтылу керек.
Қазақстанның денсаулық сақтау және медициналық сатып алу 
саласын неолиберализациялау немесе онда неолиберал инстиуттар құру
денсаулық сақтау жүйесінің жалпы коммерциялизациясы – қазірдің 
өзінде жүзеге асқан іс. Дегенмен адам құқықтары, заң философиясы, 
саясаттану мен экономикадағы көп зерттеуші талай жылдан бері айтып 
келе жатқан денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік функциялардың 
коммерциялануының сұмдық кемшіліктерін COVID-19 пандемиясы 
ашып көрсетті.
Денсаулық сақтау саласы коммерцияланбау керек және тауарға 
айналдырылмауға тиіс, ал жекеменшік медициналық қызметтер секторы 
ақша төлей алатындар және ақша төлегісі келетіндер үшін ғана болуға 
тиіс. Алайда денсаулық сақтау жүйесі коммерциялана алады және 
коммерциялануы қажет деген көзқарасты қабыл алатын неолиберализм 
бұл философияны теріске шығарады. Неолиберализм, жалпы, әлеуметтік 
құқықтарға қауіп төндіреді. Ал әлеуметтік құқықтар жалпыға бірдей, 
бөліп-жаруға келмейтін және біреуін не екеуін алып тастауға болмайтын 
адам құқықтары тобының ажырамас бөлігі болып саналады. Бірақ бұл 
идеялар мен дискурстар Қазақстанда (әсіресе қазақ тілінде) әлі де әлсіз
оны қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік медиаға жасаған сараптамамыз 
көрсетті.
Қазақстан қоғамы дәл осы терминдерді қолданбаса да, денсаулық 
сақтау жүйесінің неолибералдануын құптамайды, бұл жайт БАҚ-қа, соның 
ішінде әлеуметтік медиаға анализ жасағанда байқалды. 
Адам құқықтары заңмен ғана реттеліп сақталмау керек. Адам 
құқықтары қоғамдық этика мен қоғамдық моральға «соның ішінде 
қоғамдық келісім, қоғамдық пікір мен жеке және ұжымдық тұлғалардың 
адам құқықтары нормаларын сіңіруіне жағдай жасау арқылы құқықты 
құрметтейтін этосты енгізуге» рух береді (Tasioulas & Vayena, 2016: 
366). Салауатты қоғамның әлеуметтік этосының ортақ игілігі пандемия 
сияқты төтенше жағдайлар кезінде спекуляцияға ұшырамайды, 
денсаулық сақтау саласы табысты максимумге жеткізуді көздейтін 
қарапайым бизнес-сектор ретінде қарастырылмайды. Қазақстандағы 
интеллегенцияның кемшілігі денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік 
функциялардың коммерциялануының кемшіліктері туралы 
байсалды дискуссия көтермегенінен байқалады. Квазимемлекеттік 
неолиберал институттар құрған шенеуніктер ғана емес, қазақстандық 
шығармашылық адамдарының көпшілігі және пікір лидерлері де сананың 
«коммерциялизациясының» провайдерлері іспетті, бірақ бұл тақырып 
осы мақала аясынан тыс.
Денсаулық сақтау құқығын қорғағанда алдымен адам құқықтары 
түсінігін көтеру туралы дискурс Қазақстанда, салыстырмалы түрде 
алғанда, әлсіз. Ең соңында айтарымыз, пандемияның Қазақстан қоғамына 
келтірген қиындығы туралы материалдардың көптігімен салыстырғанда, 


131
«Денсаулық сақтау саласының коммерциялану мен жекешелендіру 
логикасы Қазақстандағы адам құқықтарына айтарлықтай қауіп төндіретіні 
туралы неліктен аз айтылғаны» кімді де болса таңғалдырар. Сондықтан 
неолиберализмге қатысты адам құқықтарына сүйенген либерал сын 
қалыптастыру қажеттігі бар. Денсаулық сақтау құқығын қорғаудың 
ажырамас бөлігі ортақ немесе қоғамдық игілік сияқты концепциялар 
Қазақстанда әлі де аз қолданылады, ортақ/қоғамдық игілік түсінігіне арқа 
сүйейтін дискурстар осал.
Бұдан кейінгі зерттеулерде «Қазіргі Қазақстанның мәдени этикасында 
сананың коммерциялануы қандай?», «Қазақстандағы медиа сананың 
коммерциялануын қалай талқылайды?» деген сұрақтарды сараптау керек.
Қазақстандық медиаға жасаған талдау 2020 жылғы карантин мен 
вирустың жаз айларындағы өршуі кезінде халықтың қиналу себептері 
мұқият зерттелгенін көрсетіп отыр. Бұл ізденіс тауар және медицина 
нарығындағы спекуляция, денсаулық сақтау институттарының нашар 
жұмыс істеуі, мемлекеттік қызметкерлердің халық алдында есеп 
беруінің әлсіздігі себептерін ашуға қатысты еді, бірақ көбіне осы күнге 
дейін әлеуметтік мемлекет неліктен қалыптаспаған, қоғам алдындағы 
жауапкершілік неліктен құлдыраған, қоғам мен мемлекет арасындағы 
қоғамдық келісім неліктен құрметке ие емес, денсаулық сақтау құқығы 
неліктен жақсы қорғалмайды деген сияқты сұрақтардың төңірегінде 
болды. Бұл сұрақтар мемлекет пен сананың коммерциялануын (екеуі де 
неолибералданудың бұлтартпас белгілері) сыни тұрғыда қайта бағалау 
жайында болды. Мен COVID-19 сабақтары, Қазақстан қоғамы мен саяси 
және интеллектуалды элитаның денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік 
функциялардың коммерциялануы тудыратын қатер және денсаулық 
сақтау құқығын қорғау үшін адам құқықтарының жалпыға бірдейлігі 
идеясының маңызы туралы мәліметін арттыра түседі деп үміттенемін. 
Қорыта келе, денсаулық сақтау құқығы, тегін (жоқ дегенде қолжетімді) 
және сапалы денсаулық сақтау жүйесіне ие болу құқығы, адам құқықтары 
философиясы және саяси философия деңгейінде қорғалу керек және 
медиа бұл дискурстарды қоғамға жеткізуге тиіс.


132
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абжекенова, Назгуль. (2018). Сколько платят казахстанцы за бесплатную 
медицину? 04.05.2018. https://www.caravan.kz/gazeta/skolko-platyat-
kazakhstancy-za-besplatnuyu-medicinu-441297/.
2. Алехова, Александра. (2020a), [интервью с Д.Ашимбаевым] «Как коронавирус 
изменил роль государства в Казахстане,» 19.08.2020. https://365info.kz/2020/08/
kak-koronavirus-izmenil-rol-gosudarstva-v-kazahstane. Также, https://tobolinfo.
kz/kak-koronavirus-izmenil-rol-gosudarstva-v-kazazahstane/; https://ia-centr.ru/
publications/kak-koronavirus-izmenil-rol-gosudarstva-v-kazakhstane/.
3. Алехова, Александра. (2020b). «Выход из кризиса займет от 2 до 5 лет, а 
пока надо потуже затянуть пояса — экономист», 24.08.2020. https://365info.
kz/2020/08/vyhod-iz-krizisa-zajmet-ot-2-do-5-let-a-poka-nado-potuzhe-zatyanut-
poyasa-ekonomist.
4. Алимов, Мади 2020. «Коронавирус: и медицина, и население Казахстана не 
выдержали экзамен?». 19.06.2020. https://camonitor.kz/35155-koronavirus-i-
medicina-i-naselenie-kazahstana-ne-vyderzhali-ekzamen.html.
5. Ашимбаев, Данияр. 2020. «Система слишком слаба, чтобы меняться». 
Ведомости Казахстана, 25.08.2020. https://kazvedomosti.kz/article/daniyar-
ashimbaev-sistema-slishkom-slaba-chtoby-menyatsya/
6. Асылбек, Багдат. 2020. «Диагноз: «разруха». Казахстанское здравоохранение и 
пандемия, Азаттык, 07.08.2020. https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-coronavirus-
national-health-system/30768857.html.
7. Баиров, T. (2020). «Странный арест Шораева и временная отставка 
Молдагасимовой не случайны? Ehonews. 20.04.2020. https://ehonews.kz/strannyj-
arest-shoraeva-i-vremennaya-otstavka-moldagasimovoj-ne-sluchajny /
8. Байжунусов, Э. (2020), «Эффективность мировых систем здравоохранения в 
условиях пандемии».11.05.2020.https://ratel.kz/raw/effektivnost_mirovyh_sistem_
zdravoohranenija_v_uslovijah_pandemii.
9. Бекболаева, Динара. (2020). «Кризис и бедность: как пандемия коронавируса 
повлияла на экономику Казахстана?». Bayge News, 14.05.2020. https://baigenews.
kz/news/krizis_i_bednost-_kak_pandemiya_koronavirusa_povliyala_na_ekonomiku_
kazakhstana/
10. Воронин, Н. 2020. «Капитализм в Казахстане». Наша Газета (Костанай), 
9.08.2020, https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=39501.
11. Ергешева, Мадина. 2020. «Взят курс на коммерциализацию»: Ашимбаев разнес 
в пух и прах госполитику РК по здравоохранениюNewtimes, 25.06.2020, https://
newtimes.kz/obshchestvo/112575-vziat-kurs-na-kommertsializatsiiu-ashimbaev-
raznes-v-pukh-i-prakh-gospolitiku-rk-po-zdravookhraneniiu.
12. «Журналист с онкозаболеванием подала в суд на минздрав и «СК-Фармация». 
КазТАГ, 17.09.2020. https://kaztag.kz/ru/news/zhurnalist-s-onkozabolevaniem-
podala-v-sud-na-minzdrav-i-sk-farmatsiya
13. Информбюро, 2020, «СК-Фармация» исключает возможность продажи в 
аптеках лекарств из гуманитарных грузов», July 09. https://informburo.kz/
novosti/sk-farmaciya-isklyuchaet-vozmozhnost-prodazhi-v-aptekah-lekarstv-iz-
gumanitarnyh-gruzov.html.
14. Исабаева, Сауле. (2017), «Казахстанский капитализм: какой он?», 14.04.2017, 
https://camonitor.kz/26643-kazahstanskiy-kapitalizm-kakoy-on.html. 
15. Касенов, A. 2020. «Редакцию КазТАГ попросили «убрать» материал о 
наградении сотрудников «СК-Фармация»», KazTAG, 29.08.2020. https://kaztag.kz/
ru/news/redaktsiyu-kaztag-poprosili-ubrat-material-o-nagrazhdenii-sotrudnikov-
sk-farmatsiya.


133
16. KTK, 2020, «СК-Фармация» подозревается в продаже гумпомощи, начата 
проверка». https://www.ktk.kz/ru/news/video/2020/07/09/153393/.
17. Логинова, Ольга (2020). «Траты на ковид: сколько было потрачено 
непосредственно на борьбу с пандемией в Казахстане. И почему эти 
затраты могли бы быть эффективнее. Власть. 09.07.2020. https://vlast.kz/
obsshestvo/40034-traty-na-kovid-skolko-bylo-potraceno-neposredstvenno-na-
borbu-s-pandemiej-v-kazahstane.html
18. Мазоренко, Дмитрий. (2020). «Миллиарды на ковид. Почему постсоветские 
страны с трудом справляются с коронавирусом? Причину стоит искать в 
постоянном недофинансировании медицинской сферы». Власть.30.06.2020.
https://vlast.kz/jekonomika/40489-milliardy-na-kovid-pocemu-postsovetskie-
srany-s-trudom-spravlautsa-s-koronavirusom.html
19. Майская, Юлия (2020). «Между здравоохранением и «здравозахоронением», 
25.08.2020. https://ic24.kz/news/medgdu-zdravookhraneniem-i-
zdravozakhoroneniem-u43412.
20. Муканова, Ж. (2020). «Отсутствие лекарств не вредит онкобольному? Позиция 
Минздрава РК в суде с журналисткой». Newtimes, 06.11.2020 https://newtimes.
kz/eksklyuziv/119871-otsutstvie-lekarstv-ne-vredit-onkobolnomu-pozitsiia-
minzdrava-rk-v-sude-s-zhurnalistkoi/amp
21. Омарова, Aйгуль. (2020). «Коронавирус бьет по капитализму и глобализации
укрепляя системы госуправления - эксперт», 21.04.2020. https://www.caravan.
kz/gazeta/koronavirus-bet-po-kapitalizmu-i-globalizacii-ukreplyaya-sistemy-
gosupravleniya-ehkspert-630186/
22. Сомжүрек, Жұма-Назар. 2010. «Социализмді сағынып жүрмін». 24.10.2010.
https://abai.kz/post/5232.
23. Сугирбаева, Мерей. (2020). «Умеют ли наши власти работать в экстремальной 
ситуации?». Exclusive, 29.09.2020. http://www.exclusive.kz/expertiza/
obshhestvo/121103/. 
24. Afshari, Reza. (2001). Human Rights in Iran. The Abuse of Cultural Relativism. 
Philadelphia: University of Pennsylvania Press.
25. Cooley, Alex & Heathershaw, John. (2017). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет