Шетел тіліне оқытудың қағидалары Жалпы шетел тілдеріне оқыту жалпыдидактикалық, дәстүрлі қағидаларға негізделген. Бірақ та, кез келген пәнге үйрету сол пәннің өзіндік ерекшеліктерін есепке алуды қажет етеді.
Шетел тіліне оқытудың негізгі қағидаларына төмендегілер жатады:
1) ана тіліне сүйену;
2) оқытудың коммуникативтік қағидалары;
3) оқытудың лингво-елтану қағидалары;
4) оқу материалын минимумға келтіру қағидалары;
5) грамматикалық оқу материалын игеруде уақыттың бірізділігін есепке алу қағидалары.