Негізгі ұғымдар
Корреспонденция (лат. correspondero – жауап беру, сәйкес келу) – тек қана айтылуы бойынша (нан – жейтін зат, nun – монашка) немесе тек қана мағынасы бойынша сәйкес келу (қаз.нан – bread – ағылшынша нан деген сөз.) немесе айтылуы да, мағынасы да сәйкес келу (қаз. лаборант – орыс. лаборант ).
Изоморфизм (гр. іsos – бірдей, ұқсас, тәрізді) салыстырылып отырған тілдердегі корреспонденттеліп отырған элементтердің ұқсасатығы. Бұл элементтер табиғатына қарай изофон (ұқсас дыбыстар), изоглос (мағынасына қарай ұқсаса сөздер: қаз. зайып, әйел, жар = орыс. жена = ағыл. wife = нем. Weib) және изотаксема (ұқсас синтаксистік конструкция: орыс. я читаю книгу – ағыл. I read a book) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |