Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет2/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Пікірсарапшылар:
Ы. Б. Шақаман – филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
Д. Е. Капанова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.


Құрастырушы: Г. К. Кенжетаева
Л54 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған дәріс курсы / құраст. Кенжетаева Г. К. – Павлодар : Кереку, 2012. – 79 б.

Дәріс курсында қазіргі тіл біліміндегі лингвистикалық зерттеулердің жетістіктері, зерттеудің әдіс-тәсілдері, тіл білімінде соңғы жылдары дамып келе жатқан этнолингвистика, танымдық лингвистика, паралингвистика және прагмалингвистика сияқты жаңа бағыттар жөнінде баяндалған.


Дәріс курсы «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған.

ӘОЖ 81'1(07)


КБЖ 81я7

© Кенжетаева Г. К. 2012


© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты


Алғы сөз

«Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің мақсаты – студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру, оларды лингвистикадағы әдіс-тәсілдермен, тіл туралы қазіргі ғылым әдістемелігімен, оның қалыптасуы мен дамуы сияқты мәселелермен таныстыру.


Лингвистикалық зерттеулерде көп уақыт бойы сипаттау теориялары мен тұжырымдамалары (концепциялары) басым болып келді. Соңғы жылдары түсіндірмелі лингвистика теориясы дами бастады. Ол тіл білімінде лингва-елтану, этнолингвистика, танымдық лингвистика мен лингвистикалық мәдениеттану сияқты жаңа бағыттардың дамуына түрткі болды. Бұл бағыттарда тіл дамуының негізгі факторы ретінде адам қарастырылады, өйткені тіл - адамның жасаған өнімі мен туындысы. Қазіргі кезде тіл тек қана қатынас және таным құралы ретінде емес, сол сияқты ұлттың рухани мәдениеті ретінде де бірнеше бағыттарда қарқынды түрде зерттелуде. Кез келген тілдің қызметін зерттеу қазіргі тіл білімінде жаңа бағыттармен пайда болған соңғы әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туғызады.
Ұсынылып отырған дәріс курсының мақсаты – жас ғалымдарды лингвистикадағы зерттеулердің кейбір жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру, олардың зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар студенттерді лингвистиканың проблемаларындағы ерекшеліктерді көре біліп, оларға сын көзбен қарауға үйрету, оқып үйренген әдіс-тәсілдер жөніндегі білімдерін ғылыми зерттеу жобаларында, курстық, дипломдық жұмыстарында өздігінен қолдануға үйрету.
Дәріс курсы тіл мамандарының біліктілігін әрі қарай дамыту мен тереңдетуге мүмкіндік беріп, шығармашылық зерттеу жұмыстарында оларды өзінің ғылыми көзқарасын тұжырымдай білуге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет