Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет26/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мотив
Генетикалық тепе-теңдік – туыс тілдердегі фонемалар, морфемалардың жиі сәйкес келуі. Бірақ та жазуда толық сәйкес келмейді.
Этимон (гр.etymon – негізгі, әуелгі) – сөздің алғашқы мағынасы, дұрыс нұсқасы деп қабылданған түрі.
Мотив – (мотивация – себеп-салдар) тілдік белгінің атауына негіз болған құбылыс.
Номинация – ақиқат әлеміндегі заттарға олардың қасиеттері мен құбылыстарына, олардың мотивациялық белгілері негізінде ат беру, атауыш қызметін атқаратын тіл бірліктері. Номинацияның екі түрі бар: алғашқы номинация; екінші номинация.
Алғашқы номинацияда атауға белгілі бір заттың қасиеттерінің бірі мотив болады. Мысалы: дыбыс бойынша – тоқылдақ, түр бойынша – роза гүлі.
Екінші номинация бойынша затты атауға оның қасиеті емес, сөздің түбірінің мағынасы негіз болады. Мысалы: қаз. тігінші < тігу, жазушы < жазу; нем. Maler < malen, Schneider < schneiden; фр. couturier < couture т.с.с.
Сырткы реконструкция тіл дамуындағы жүйелі қатынасқа сүйене отырып, туыс тілдердің материалын салыстыру арқылы салыстыратын тілдердің тарихи даму заңдылықтарын ашады, соның нәтижесінде бастапқы тілдік архетипті (көне тұлғаны) қайта жаңғыртады.
Зерттеуге сөздер әдетте негіздік қордан алынады. Мысалы, туыстық терминдер, түс, жануарлар мен өсімдіктер атауы, табиғат құбылыстары т.с.с. Бұл сөздердің архитиптері барлық деңгейде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет