Салыстыру әдісінің негізгі кемшіліктері – біріншіден, әлем тілдеріндегі тек қана ұқсастықтарды табу, ал өте маңызды айырмашалықтар көбінесе назардан тыс қалады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдіс тілдердің қазіргі күйіне, олардың құрылымдық, жүйелік сипатын айқындауға жете мән бермейді.
Салғастырмалы (контрастивті ) әдіс Салғастырмалы әдіс салыстырмалы әдістің бір түрі. Соңғы кездері бұл әдіс салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталып жүр. Аталмыш әдістың негізгі мақсаты – әлемнің әр түрлі тілдеріндегі айырмашылықтарды, ерекшеліктерді зерттеу. Бұл әдіс туыс және туыс емес тілдерді (ана тілі мен шетел тілін) синхрониялық зерттеулерде қолданылады, салғастырылатын тілдердің тарихы мен шығу тегіне көңіл бөлінбейді. Тек қана екі тіл салғастырылатын контрастивті әдістің бұл түрін дәстүрлі неміс лингвистикасында конфронтативті әдіс деп атайды.
Салғастырмалы әдіс арқылы шетел тіліне үйретудің әдіснамалық негіздері және жалпы аударма мен машина арқылы аударудың теориялары зерттелініп, анықталады.