Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі



бет4/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі
Зерттеу мақсатына қарай тіл білімі жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы тіл білімі адам баласының тілі, тілдің даму заңдылықтары, тіл элементтерінің өзара қатынасы, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдері т.с.с. мәселелерді зерттеумен айналысады.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның пайда болу заңдылықтары мен даму заңдарын айқындайды, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерін белгілейді, дүние жүзі тілдерінің шығу тегі мен туыстық дәрежесіне қарай оларға классификация жасайды, тілдің ғылымдар жүйесінде алатын орнын анықтайды.
Жеке тіл білімі нақты бір тілдің (мысалы: қазақ, орыс, ағылшын) немесе туыстас тілдердің (мысалы: башқұрт, ноғай тілдері) жүйесі мен құрылысын, оның даму заңдарын зерттейді. Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің зерттеу нысандары әртүрлі болғанмен, олардың арасында өзара байланыс бар. Жалпы тіл білімі көптеген тілдердің зерттеу нәтижелерін есепке алып, оларды жинақтап, жалпы теориялық қорытындылар мен топшылаулар жасайды. Жалпы тіл білімінің теориялық қорытындылары мен топшылаулары жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар береді. Жеке тіл білімі жалпы тіл білімінің теориялық қағидаларына сүйеніп, ол қағидаларды зерттеу жұмыстарына негіз етіп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет