Мәтін талдаудың әдістері Мәтін талдау кешенді сипатталған бағытта жүзеге асады. Ол алгоритм жүйесіндегі бірізді қадамдарадан тұрады. Кез келген мәтін талдаудың алгоритмі төмендегідей:
1) мәтінді межелеу (белгілеу);
2) мәтін типін анықтау;
3) мәтін тақырыбын анықтау;
4) мәтін құрылымын анықтау;
5) мәтін ішіндегі байланыс ерекшеліктерін анықтау;
6) мәтін стилистикасының ерекшеліктерін анықтау;
7) мәтіннің прагматикалық маңызын, мәнін анықтау.
Негізгі ұғымдар Референт – ішкітілдік шындық объектісі ретінде айтушының сөйлеу үзіндісін айтуы.
Сөйлем – коммуникативтік деңгейдегі негізгі синтаксистік бірлік.
Когезия –деректер, уақиғалар және әрекеттердің өзара тәуелділігін қамтамасыз ететін мәтіндегі сөйлемдердің мағыналары арасындағы байланыс.
Кореференция – когезияның негізгі тілдік құралы. Мәтінде адамдардың немесе заттардың атауын қайталап атау үшін қолданылатын әртүрлі тілдік формалар.