Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Зерттеу жұмысын қорғауға дайындық және жұмысты қорғау



бет76/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Зерттеу жұмысын қорғауға дайындық және жұмысты қорғау
Зерттеу жұмысының ақырғы нұсқасын аяқтаған соң, ғылыми жетекші өзінің қорытындысын дайындап, алдын ала бағасын береді. Соңғы баға жұмысты қорғау нәтижесінен кейін қойылады. Қорғау кезінде автор белгіленген уақыт ішінде жасалған зерттеу нәтижелерін баяндап беріп, барлық сұрақтарға жауап беруі керек. Қорғауда жоғары баға алам деген ізденуші сұраққа нақты және толық жауап бере алуы тиіс.
Зерттеу жұмысын бағалау келесі талаптарға жүгінеді:
1) Көтерілген мәселені терең талдай білу;
2) Берілген мәселеге шығармашылық көзқараспен қарау;
3) Ең жаңа фактологиялық және статистикалық материалдарды қолдану;
4) Автордың алдына қойған барлық талаптарды толықтай орындай алуы;
5) Материалдардың сауаттылығы, логикалық жүйелілігі;
6) Мәтінді құрастыру дәрежесі.
Қорғауға дайындалу үшін автор жұмысының көшірмесін алуы тиіс, себебі оның түпнұсқасы бірнеше күн бұрын кафедраға тапсырылады.
Егерде зерттеу жұмысы белгіленген уақытында дайын болса, жетекші түсіндірме қағазында жазбалар жасап, қорғауға кіргізеді де, жұмыс беттеріне қолын қояды.
Аяқталған жұмыс қорғау алдында 3 жұма бұрын жетекшіге тапсырылады. Мұндай мерзім тәжірибе көрсеткендей, жұмысты қорғауға дайындыққа ыңғайлы болып келеді. 10 күн арасында, жетекші автордан жұмысты алғаннан соң тағы бір рет қарап шығып, жұмысқа рецензия жазылып, қол қойылады. Рецензияда жұмыстың өзектілігі, толыққандығы, қойылған мәселенің қарастырылуы мен ашылуы, практикалық маңыздылығы және алынған нәтижелерді болашақта қолданылуы жазылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет