Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Қолжазбаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар



бет72/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Қолжазбаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
Кез келген ғылыми жұмыс (диссертация, дипломдық және магистрлік жұмыстар) белгілі бір талаптарға сай жасалатын ғылыми шығарма. Диссертацияның (дипломдық жұмысының, магистрлік жұмыстың) мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:
Жұмысты жазу барысында тек қана мағлұмат қорытындысын тізбектеп емес, сол белгілі бір әдіс- тәсілдердің негізінде қойылған мақсатқа сай жасалған, жұмыс барысында алынған үрдіс нәтижесі маңызды болып табылады. Осы мәселенің зерттеу тарихына қысқаша тоқталып, оған сын шолу жасау керек және де кейбір жеке авторлардың көзқарасын мазмұндап емес, оларды қорытып беру керек. Мысалы: Мына авторлар тобы (атап шығу керек) мынадай көзқараста; келесі топ (атап шығу керек) басқа көзқараста (әдебиет тізімі) т.с.с.
Зерттеу жұмысының тілі түсінікті, жатық болу керек. Терминдер лингвистикалық зерттеу жұмысының негізін құрайды. Бірақ та терминдер уақыт өте өзгеруі мүмкін, немесе қолданыстан шығып, жаңа терминдердің пайда болуы мүмкін, немесе зерттеуші өзі жаңа термин ұсынуы мүмкін. Қалай болған күннің өзінде терминологияға көзқарасын негіздеу керек.
Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі – пікірлер мен мысалдарды жай ғана сипаттау емес, зерттеу мақсатына сай пайымдау, оларды түсіндіру, негіздеу, тұжырымдарды дәлелдеу және мәтінге қойылатын талаптарға, техникалық жағынан рәсімделуге қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Диссертация (дипломдық немесе магистрлік жұмысы) жазу адам қызметінің танымдық түрі. Ол ізденімпаздықты, шығармашылықты, еңбекқорлықты қажет етеді. Бір жағынан ғылыми еңбек тіл туралы бар білім жүйесіне сай келу керек, екінші жағынан ол кішкентай болса да жаңа мәліметтері бар, аз болса да адамзат тілін тану жолына үлесін қосу керек.
Танымдық қызмет белгілі бір тәжірибені қажет етеді және онда қателер болуы мүмкін. Жиі кездесетін қателерге келесі қателерді жатқызуға болады (бұл қателер негізінен дипломдық және магистрлік жұмыстарда кездеседі): жұмыс басқа авторлардың жұмысынан көшіріп алу негізінде жазылады; зерттеу жұмысын тек өзі жинаған фактілер негізінде ғана жазу, осы тақырып бойынша бар теориялық білімді жете бағаламау және бөтен біреудің ойын сөзбе-сөз беру. Цитатаны қолдануға болады, бірақ та оны өз көзқарасыңызды негіздеу үшін, алған зерттеу нәтижесін бекіту үшін және бар көзқарастарды құптау немесе құптамау үшін қолдануға болады.
Қолжазбаның техникалық рәсімделуіне қойылатын талаптарды кафедраның нормобақылаушысынан немесе диплом жазуға арналған әдістемелік нұсқаулардан алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет