Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


- тақырып. Компонентті талдау әдісі



бет68/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

11- тақырып. Компонентті талдау әдісі


Жоспар
1) Сема – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі
2) Сема түрлері


Сема – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі
Лексика-семантикалық топтың мүшелері арасындағы парадигматикалық байланысты анық көру үшін ғалымдар компонентті талдау әдісін жиі қолданады. Бұл әдіс бойынша сөз мағыналары бірнеше ұсақ элементтерден-семалардан тұрады деп есептейді.
Сема (грек. Sema- белгі) - мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі. Сема белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі.
Тіл білімінде сема терминімен бірге семема, семантикалық көбейткіш, мағыналық компонент сияқты терминдер де қолданылады. О. С. Ахманова семема (Semema) терминіне екі түрлі мағына береді: 1) Парадигмалық қатар мүшелерінің мағыналық жүйесінің ең кіші элементі. 2) Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны. Ал сема терминіне: 1) Жүйенің варианты. 2) Синтагмалық қатарға түсіп басқа сөздермен байланысатын мағынаның ең кіші элементі. О. С. Ахманованың пікірінше, біріншіден, сөз мағынаның ең кіші, ары қарай бөлінбейтін бөлшегі және, екіншіден, сөздің объектив дүниемен байланысатын мағыналық элементі [2, 401- 402 б.]. Компонентті талдау әдісі бойынша талдау жасаған ғалымдардың көпшілігі семема сөз мағынасының кіші элементі деп емес, сөздердің мағынасымен тең деп те анықтама беріп жүр [24, 21 б.]. Біз танысқан әдебиеттерде сема мен семемаға берілген басқа да анықтамалар бар. Бірақ біз сема мен семема терминдерін мағына жағынан ажырата қолданушылар жағындамыз. Яғни, біз сема терминін сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі деген мәнде қолданамыз.
М. Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» деген еңбегінде [25] сема мен семеманы, семема мен сөз мағынасын ажыратқанда төмендегі нәрселерге көңіл аудару қажет дейді: 1. Сема мен семема сөз мағынасына байланысты болғанмен, ешқашан толық мағына арқылы берілмейді. 2. Семема семалардың қосындысынан жасалынбайды. Семалар семемалар сияқты өзгеріске түспейді. 3. Семалар объективті дүниеден түйсік арқылы қабылданған информациялармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабылдайды. 4. Сема мағынаның ең кішкентай бөлшегі, ары қарай майда бөлшектерге бөлінбейді. Автор жүр етістігін компонентті талдау әдісімен талдап, сөз мағыналарын бір немесе бірнеше семаларға бөлуге болатындығына көз жеткізеді. Жүр етістігінің құрамында автордың пікірінше төмендегідей семалар бар: 1) қозғалу қимылы бар; 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші орынға өткендігін білдіреді; 3) қозғалу жерде болады; 4) бағытсыз қозғалысты білдіреді; 5) қозғалыстың темпісінің баяу (жүгіруге қарама–қарсы) болғандығын; 6) процестің созылыңқылығын т.б. білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет