Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Зерттеу жұмысының кезеңдері



бет71/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Зерттеу жұмысының кезеңдері
Практикалық жұмыс негізгі үш кезеңнен тұрады: зерттеу жұмысына материал жинау, жүйелеу және қорыту. Енді осы кезеңдерді жеке- жеке қарастырайық.
Зерттеудің бірінші кезеңі әр түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, дискурс т.с.с) материал жинаудан, құраудан басталады. Зерттеуге қажетті материалды (сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.с.с.), авторын, дереккөзді және басылымның бетін көрсетіп жеке карточка жазып алу ұсынылады. Карточканың төменгі оң жағында бұл мысалдар зерттеу жұмысының қай тарауында немесе бөлімінде қолданылатыны көрсетіледі. Егер де жоспар бойынша бар болса, осы кезеңде тәжірибеге дайындық және оны жүргізу басталады: тест, анкета жұмыстарын жасау, интервьюге сұрақ дайындау т.с.с. Алынған нәтижелерге қорытынды жасалып, ол қорытынды жұмыстың мәтінінде қолданылады.
Екінші кезең жинаған материалды жүйелеу. Жиналған материалды біріктіретін белгілері бойынша класстарға, топтарға бөлу, жүйелеу. Зерттеу жұмысының дұрыс және дәл болуы үшін осы кезеңде біз қарастырып кеткен лингвистикалық зерттеулердің зерттеу мақсатына сай келетін әдіс-тәсілдерін (номографиялық, идеографиялық және эксперименталды әдістер) таңдап қолдану қажет.
Үшінші кезең ғылыми жұмысты жазу кезеңі, яғни зерттеу мәліметтерін топтап қорыту кезеңі. Осы кезеңде қолжазба жеке тарауларға, бөлімдерге бөлінеді.
Әр тараудан кейін кіріспеде анықталған зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес алынған зерттеу нәтижесі бойынша қысқаша тұжырымдар беріледі. Зерттеу жұмысының соңында жалпы жұмыс бойынша қорытынды жасалады. Қорытындыда тараулардағы тұжырымдар талданып қорытынды жасалады, зерттеу жұмысының мақсаты бойынша қойылған мақсатқа жету үшін жасалған әр жұмысқа, шешілген мәселелерге толық мәлімет беріледі. Қорытындының соңында қарастырылатын мәселе бойынша зерттеу жұмысының келешектегі бағыт-бағдары беріледі.
Жасалған зерттеу жұмысы талаптарға сәйкес рәсімделіп, қысқартылған сөздер тізімінен, қолданылған әдебиет тізімінен, бар болса қосымшадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет