Қысқа мерзімді жоспар 4-сабақ. Сыныбы -11 Пәні - қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі туралы мағлұмат беру, тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендік сөздерінің мәнін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни ойлау және танымдық қабілеттерін арттыру, өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, болашаққа сыни көзбен қарай білуге, проблеманы шеше алуға, сөз өнеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Табыстылық критерийлері: тақырып туралы түсінік алады, топта белсенді жұмыс жасайды, өзіндік ой-пікір айта алады.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, «Ойлаудың алты қалпағы», бейнеролик көрсету, талдау жұмыстары, «Фишбоун» әдісі, «Дүкен» ойыны, кері байланыс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Ресурстар: әр түрлі қима қағаздар, бейнеролик, постер, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
№
Сабақтың кезеңдері
уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
І
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. Сынып ішіне оқушыларға арналған тілек жазылған жүрекшелер ілінеді. Түсіне сәйкес 6 топқа бөлінеді.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, топқа бөлінеді.