Лабораториялық сабақ №1
Тақырыбы:
Ғылыми зерттеу проблемасының өзектілігін негіздеу, қарама-
қайшылықтарды анықтау, зерттеу мақсатын нақтылау. Зерттеудің ғылыми аппараты.
Зерттеу міндеттері, зерттеу көздері.
Лабораториялық сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Ғылыми зерттеу проблемасының өзектілігін негіздеу, қарама-қайшылықтарды
анықтау:
Зерттеу мақсатын нақтылауды үйрену.
Зерттеудің ғылыми аппаратын құру.
Зерттеу міндеттерін, зерттеу көздерін анықтауды үйрену.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын
жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол
тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің
әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп,
оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды.
Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс –
тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы
тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби
деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға
міндетті:
ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға
бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән
тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным
болуы;
тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер
жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық,
табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен
қарауға қабілетті болу
;
ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің
неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның
нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл
қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты
ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын
қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін
толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты
нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
1.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып
көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама –
қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және
практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және
маңызды болуы);
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі,
тәжірибеде қиындықтарды шешу).
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық
немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы
заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті
(көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар
жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс
жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен
шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема
пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның
зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог
немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі
шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау
мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері
бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе
бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың
аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту
1. Проблеманы қою
Қарама – қайшылықтарды тіркеу
Сұрақтар
Ізденіс бағыты және нәтижелері
2. Проблеманы негіздеу
3. Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау
4. Негіздер (алғышарттар)
5. Бейне (нәтиженің жобасы)
6. 3. Проблеманы анықтау
Педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі
барысында нақтылау.
Оқытудың техникалық құралдары:
дербес компьютер, интернет желісі
Жұмысты орындау тәртібі:
1 Ғылыми зерттеудің мақсатын анықтау.
2 Ғылыми зерттеудің кезеңдерін жобалау
3 Ақпаратты іздеу кезінде орындалатын операциялар тізбегін жасау
4. Оқытушымен бірге зерттеу тақырыбын анықтау
5. Зерттеу тақырыбына шолу жүргізу: мақсаты, қолданылу саласы, сұрақтың қазіргі
жағдайы және т. б. (~5-10 бет).
6. Қолданылатын көздер тізімін құру.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі:
дербес компьютерді пайдаланудың
қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Деңгейлік тапсырмалар:
Күрделі деңгей (50 балл):
Модель және модельдеу ұғымына берілген ғалымдардың
анықтамалары туралы кесте құрыңыз.
Орта деңгей (30 балл):
Ғылыми зерттеудегі қарама-қайшылық ұғымын түсіндіріңіз.
Жеңіл деңгей (20 балл):
Ғылыми зерттеу жұмысына байланысты негізгі терминдерді
анықтаңыз, мәнін түсіндіріңіз.
БӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
1. Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің
әдіснамалық негіздері (10 балл)
ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың
үлестері:
1. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері (5 балл)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Таубаева Ш.Т. Методология и методы педагогического исследования :
учебное
пособие/ Таубаева Ш.Т., Булатбаева А.А.— Электрон. текстовые данные.— Алматы:
Казахский национальный университет им. аль-Фараби, 2015.— 214 c.
Коржуев А.В., Садыкова А.Р. К66 Педагогический поиск: время перемен — М.,
СПб.: Нестор-История, 2018. — 360 с.
Чиркина, А.А. Использование статистических методов в педагогическом
исследовании : методические рекомендации / А.А. Чиркина, Н.В. Булгакова. – Витебск :
ВГУ имени П.М. Машерова, 2015. – 48 с
Қосымша:
Пономарев, А.Б. П56 Методология научных исследований: учеб. пособие / А.Б.
Пономарев, Э.А. Пикулева. – Пермь: Изд-во Перм. нац. исслед. политехн. ун-та, 2014. –
186 с.
Веб сайттар
Rmeb.kz
Kazneb.kz
Nashol.com
Лабораториялық сабақ №2
Тақырыбы:
Зерттеудің теориялық негіздемесі. Әдебиеттік шолу.
Лабораториялық сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеу тақырыбының қазіргі зерттелуі жағдайын талдау.
Әдебиеттік шолу жасау.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған
деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен
таныс болуды талап етеді:
— жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
— жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
— педагогикалық мерзімді басылымдар;
— мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
— педагогикалық анықтама қралдары:
— педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік –
қолданбалар.
Әдебиеттермен танысудың арқасында ары қай проблеманың қандай тақырыптары
жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау – дамайлы және қай мәселелердің әлі
тың жатқанын білуге болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан алуан. Олар арасында көбірек
қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты
іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферает жазу – жалпы тақырып бойынша
бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмны; конспектілеу – жмыстың
маңызды идеялары мен тжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мқият
қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмнын қысқаша ақпар
жазу; сілтеме (цитата) беру — әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен
мәтінге ендіре жазу.
Әдеби шолу дайындау
Ерекшелігіне қарамастан кез келген ғылыми еңбек үш негізгі бөлімнен тұрады:
теориялық негіз, әдіснаманы сипаттау, нәтижелерді ұсыну және талқылау. Жұмыстың
практикалық маңыздылығы әдеби шолу үшін ғылымдағы бар деректерді талдауға
негізделеді. Диссертацияның барлық мәтінінің 10-нан 30 пайызға дейін көлемін ала
отырып, литобзор әдетте жеке тарау ретінде ресімделеді. Оның беттерінің санына
қойылатын нақты талаптар болмайды, барлығы жұмыс ауқымына, ғылым саласына және
қаралып отырған проблеманы ғылыми жұртшылықпен пысықтау дәрежесіне байланысты.
Әдебиетті таңдаймыз және үйренеміз
Дипломға, кандидаттық немесе докторлық диссертацияға, мақалаларға немесе
монографияларға әдеби шолу жазу барысында көптеген деректермен жұмыс істеу керек.
Ең беделді еңбектер ғылыми жетекші кеңес бере алады, бірақ өзіндік белсенділік қажет
болады. Бұрын қосымша материалдарды таңдау үшін негізгі дереккөздерде берілген
әдебиеттер тізімі пайдаланылды. Енді жас ғалымдардың өмірі оңай болды: тақырыптық
форумдардың онлайн алаңдарында қажетті кітаптар мен журналдарды ұсына алатын
әріптестерді табуға болады.
Әдетте теориялық ізденістер үшін көздер ретінде:
ғалымдардың іргелі еңбектері;
конференциялар мен симпозиумдардың мәліметтері;
оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар;
отандық және шетелдік ғылыми мерзімді басылымдардағы мақалалар;
монографиялар;
диссертациялар және оларға авторефераттар;
компания қызметі туралы есептер, статистикалық мәліметтер жинақтары және
зерттеу тақырыбына қатысты нормативтік актілер.
Ең пайдалы заттарды бөлу үшін материалдың ағымдағы зерттеу бағытына
сәйкестігін талдау, жазу жылын анықтау қажет (қайта жазу емес!), осы жарияланымның
дәйексөздік деңгейін бағалау, қателіктердің себептерін түсіну. Әдебиетті оқу барысында
ғылыми жұмыстың мәтіндік бөлігін дайындау үшін пайдалы болатын негізгі тезистерді
сақтау керек. Ең маңызды ойлар цитаталармен рәсімдеудің мағынасы бар, оны бірден
библиограф тұрғысынан дұрыс ресімдеу керек.
Оқытудың техникалық құралдары:
дербес компьютер, интернет желісі
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық
жоспарларға шолу жасаңыз.
2. Зерттеу тақырыбы бойынша 2 диссертацияға, 2 монографияға 5 кітапқа, 6 ғылыми
журналда жарияланған мақалаға әдебиеттік шолу жасаңыз.
3. Зерттеу тақырыбы бойынша 8-10 сөйлем көлемінде өз тұжырымдамаңызды
жазыңыз.
Деңгейлік тапсырмалар:
Күрделі деңгей (50 балл):
Ғылыми зерттеу әдіснамасы бойныша ғалымдардың
еңбектерінен мысалдар келтіріңіз.
Орта деңгей (30 балл):
Құзыреттілік, тарихилық, тұлғалық-бағдарланған
тұғырлардың мәнін анықтаңыз.
Жеңіл деңгей (20 балл):
Зерттеу жұмысына түйіндеме, аңдатпа жазудың
ерекшеліктерін мысал арқылы түсіндіріңіз..
БӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың
үлестері:
1. Біртұтас педагогикалық процесс мұғалімнің ғылыми зерттеуі мен қызметінің
объектісі ретінде (10 балл).
ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың
үлестері:
1. Білім беру инновацияларының мәні, олардың сипаттамасы (5 балл)
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Таубаева Ш.Т. Методология и методы педагогического исследования :
учебное
пособие/ Таубаева Ш.Т., Булатбаева А.А.— Электрон. текстовые данные.— Алматы:
Казахский национальный университет им. аль-Фараби, 2015.— 214 c.
Коржуев А.В., Садыкова А.Р. К66 Педагогический поиск: время перемен — М.,
СПб.: Нестор-История, 2018. — 360 с.
Чиркина, А.А. Использование статистических методов в педагогическом
исследовании : методические рекомендации / А.А. Чиркина, Н.В. Булгакова. – Витебск :
ВГУ имени П.М. Машерова, 2015. – 48 с
Қосымша:
Пономарев, А.Б. П56 Методология научных исследований: учеб. пособие / А.Б.
Пономарев, Э.А. Пикулева. – Пермь: Изд-во Перм. нац. исслед. политехн. ун-та, 2014. –
186 с.
Веб сайттар
1. Rmeb.kz
2. Kazneb.kz
3. Nashol.com
4.
Twirpx.com
Достарыңызбен бөлісу: |