Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері



бет52/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Әлеуметтік лингвистика «тіл-қоғам» қатынастарын зерттейді. Қоғам – бір-біріне және сыртқы әлемге белгілі-бір қарым-қатынаста тұрып жатқан адамдардың әлеуметтік-мәдени тобы. Тілдік ортақтастық тілдесу, қатынасу мақсатында бір немесе бірнеше тілді қолданатын адамдар жиынтығы.
Әлеуметтік лингвистиканың мақсаттары бірнешеу:
1) Тілдік жағдайды, оны сандық, сапалық мәліметтерін есепке ала отырып зерттеу (тілдік білім беруде, басқаруда, күнделікті өмірде қолдануда, сол сияқты біртілділік және көптілділіктің қоғамдағы ролі);
2) Ұлттық тілдердің өмір сүру формаларын зерттеу (диалект, ауызекі тіл, әдеби тіл);
3) Осы тілдерді әр түрлі қоғамдық топтардың өкілдері біліміне, мамандығына қарай қалай қолданатынын зерттеу;
4) Аталмыш тілдің қызметі мен рөлін мемлекеттің жүргізіліп отырған тіл саясатына талдау жүргізу: мемлекеттік және ресіми тілдер мәселелері. Аз ұлттар тілдері мәселесі, орта және жоғары оқу орындарында оқыту тілдері мәселесі;
5) Әлем тілдерінің бар генетикалық және морфологиялық классификациясына жаңа топ жасап енгізу.
Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт т.б. болды. ХХ ғасырда бұл мәселені КСРО-да зерттеген Л. П. Поливанов, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин және т.б. ғалымдар.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде активті (белсенді) және пассивті (ырықсыз) әдістер бар. Активті (белсенді) әдістер эксперимент жүргізуші информанттардан толық әлеуметтік мәліметтер алу мақсатында тікелей қатынас, немесе тікелей әңгімеге қажетті жағдай туғызумен байланысты. Бұл жағдайда зерттеуші әңгімелесу орнын (жанұя, жұмыс немесе оқу орны, көше), әңгімеге қатынасушыларды, (жасы, жынысы, білімі, мамандығы) және әңгіме тақырыбын өзі таңдайды.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдісі – тест әдісі. Тест әдісінен басқа көпшілікке танымал анкета, интервью сияқты әдістер де кең тараған. Активті (белсенді) әдістердің ұтымды жағы информанттармен тікелей байланыс, қатынас болады, ал кемшілігі көп уақыт пен көп қаржыны қажет етеді.
Әлеуметтік лингвистиканың пассивті (ырықсыз) әдістері жазбаша дереккөздермен (архив құжаттары, статистикалық мәліметтер, өкімет оындарының заңдары мен қаулылары т.с.с.) байланысты. Бұл әдістердің ұтымды жағы уақыт үнемдеу және респонденттерді көбірек қамту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет