Тестке қойылатын негізгі талаптар: 1) Тесттің шынайылығы. Тесттің шынайылығы информанттардың саны мен сапасына байланысты. Шынайы мәлімет алу үщін информанттардың саны 19-дан 70-ке дейін болуы мүмкін. Ал тест сапалы болуы үшін информанттардың жасы, жынысы, білім деңгейі бірдей болуы керек;
2) Тесттің сенімділігі. Бұл эксперименттің болжамалы күші. Тесттің қорытындысы мен информанттармен ауызша әңгмелесу нәтижелері сәйкес келсе тест сенімді түрде өтті деуге болады;
3) Тесттің дәлдігі.Тесттің дәлдігі тест нәтижесінің математикалық өңдеуінің сапасына және тесттегі тапсырмалар санына байланысты. Мысалы, бір мәселеге байланысты 100 сұрағы бар тест пен 50 сұрағы бар тесттің дәлдігі бірдей болмайды.