Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


-тақырып. Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері



бет47/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

6-тақырып. Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері


Жоспар
1 Тіл білімі әдіснамасының өзекті мәселелері
2 Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма
3 Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері
4 Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
5 Этнолингвистиканың әдістері мен тәсілдері
6 Паралингвистиканың әдістері мен тәсілдері


Тіл білімі әдіснамасының өзекті мәселелері
Тіл білімі тіл туралы ғылым болғандықтан өз объектісін оның қасиеттері мен сапалық ерекшеліктерін есепке ала отырып зерттейді. Тіл туралы толық, барабар білім алу үшін оны қиын құрылымды тұтастық ретінде қарастырып, қоршаған ортаның басқа құбылыстарына қатысын және адамның тілге қатысын есепке ала отырып зерттеген жөн. Лингвистиканың дамуының әр кезеңінде тілдік танымның өзекті мәселелері және ғылым дамуының қазіргі кезеңіндегі жинақталған білім сияқты мәселелер қарастырылады.
Мысалы, лингвистиканың пайда болу кезеңінде (ХІХ ғасырдың бірінші ширегі) назар аударылған нәрсе – ол тарихи құбылыстар болды. Ал Ф. Де Соссюрдің «тіл» және «сөйлеу» ұғымдарын бір бірінен ажыратқаннан кейін ғана тірі тілдерді синхронды әдіспен зерттеу өзекті бола бастады, ол зерттеудің жаңа тәсілдерін өмірге әкелді. Мысалы, зерттеу жұмысына информанттарды – белгілі бір тіл иелерін қосу. Ал қазіргі кезеңде тілді прагмалингвистика тұрғысынан зерттеу алдыңғы орынға шықты. Ол лингвистикалық әдіснаманың алдына жаңа мақсаттар қойды. Жалпы алғанда ол мақсаттар мынаған саяды:
1) Ішкі лингвистика (яғни тілдің субстанциялы қасиеттері), сыртқы лингвистика (адамның сөйлеу әрекеті), прагмалингвистика (жеке адамның ауызша (дискурс) және жазбаша сөйлеуі (мәтін) формалары) пәндерін нақты межелеу (шектеу);
2) Тіл білімінің соңғы дамулық кезеңінде ғалымдар тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра қарастыра отырып, тіл мен таным ұғымдарына назар аударуда. Соның нәтижесінде тіл білімінде «антропоцентристік» бағыттың басым болуы. Бұл бағыт жеке тұлғаның сөйлеу моделдерін әртүрлі жағдайда жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып зерттеумен байланысты жүргізіледі;
3) Зерттеу жұмысында эксперимент, тест, анкета жүргізу сияқты басқа ғылымдардағы әдістерді қолдану арқылы объективті және дәл зерттеу нәтижелерін алуға ұмтылу;
4) Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулердің мақсаты-тіл жүйесін қозғалыстағы, өзгермелі жанды нысан ретінде зерттеп қарастыру. Лингвистикадағы прагматикалық, функционалдық т.б. жаңа бағыттар тілге даму тұрғысынан қарап, тіл құбылыстарын қозғалыста танып білумен шұғылданады. Тілді қозғалыста танып білу дегеніміз - тілдің өзін және элементтерін адамдардың өзара қарым-қатынасында, сөйлеу үрдісінде, коммуникативтік үрдісте қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет