Байланысты: 1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva
Құрылымдық типология әдісі Салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бір жақтылығын жою мақсатында типологиялық әдіс пайда болды. Бұл әдістің негізгі мақсаты – әлем тілдерінің және зерттелетін тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеу, әлем тілдерінің типологиялық классификациясын жасау. Бұл салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бірлігі, оны туыс тілдерде де және туыс емес тілдерді салыстырғанда да қолдануға болады. Аталмыш әдіс бойынша әлем тілдерінің сәйкестендірілмелі құбылыстарын барлық деңгейде зерттеуге болады.
Құрылымдық типологияның тағы бір мәселелерінің бірі – шетел тіліне үйретудің лингвистикалық негізін жасау.