Байланысты: 1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva
Трансформациялық талдау әдістері Трансформациялық әдіс кез келген конструкцияның (композита, сөз тіркесі, сөйлем) мағынасын зерттеу үшін қоданылады.
Неміс тіліндегі композитаны талдаудың мысалын қарастырып көрелік: Нем. krebsrot – rot wie ein Krebs (салыстыру)
zornrot – rot vor Zorn (себеп)
hochrot – sehr rot (сапа белгісі)
braunrot – braun und rot (ұштасу, ой жалғасы)
Сонымен, түр-түс белгілеу конструкциясының элементтері арасындағы семантикалық байланыс қана емес, «wie», «vor» предлогтары және «und» союзы арқылы байланыстар орын алған.
Сол сиқты сөз тіркестеріндегі семантикалық байланысқа талдау да жасауға болады. Бір синтаксистік конструкциядан бірнеше трансформация түрін алуға болады. Синтаксистік конструкция неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көп трансформация түрін алуға болады. Осыны сөйлем деңгейінде қарастырайық:
Мысалы, Бала сурет салып отыр → деген сөйлемнен :
→ Бала суретті салып отыр; → Сурет салып отырған бала; → Суретті салып отырған бала; → Суретті бала салып отыр; → Бала салып отырған сурет. Сонымен «біреу бір нәрсе салып жатыр» деген пропозициядантрансформның алты вариантын беруге болады екен.