Лисаков қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ
Тақырыбы: Тапқыр достар
Өткізген: Мауленова Г.С.
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: Тапқыр достар.
Мақсаты: - ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: өзін-өзі басқару сабағы.
Көрнекілік: кеспе сөздер, әріптер, интерактивті тақта, мадақтау қағаздары.
Сабақтың жүргізілуі:
Кіріспе.
1-жүргізуші: -Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр. Оған себеп сіздер мен біздің ардақты ата-аналарымыздың арасындағы сайыс сабақ.
2-жүргізуші: -Бұл сайысты жүргізетін біздер, сыныбымыздың үздік оқушысының бірі-Агибаева Томирис.
1-жүргізуші: -Және сыныбымыздың өнерлі оқушысы Сейілбек Ақниет!
Ақниет: - Ендеше ойынымызды бастайық! Ортаға тапқыр ата-аналарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Томирис: -Екінші қарсылас топ олардың балалары , сыныптастарымызды шақырамыз! Орындарыңызға отыра қалыңыздар.
Ақниет: -Енді сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы алқасы да болу керек.
Әділ қазыға Анар Түлкібайқызы мен Шарбану Балғабайқызын және оқушылар атынан Анеля Ержанқызын шақырамыз.
Томирис: - Дайын болсақ бәріміз тақтадан ойын шартымен танысайық.
( Тақтадағы шарттарды түсіндіріп өтеді)
Ақниет: -Ал, қонақтар, сөз сіздерде!Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.
Томирис : -Келесі топ , кезек сіздерде!
Ақниет: -Ал ,енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа ұтымды жауап береді деп «Сөз тапқыш» сайысын өткіземіз.Шарт бойынша тек өз әріпіңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер, түсінікті ме?Бірінші оқушылар тобынан бастайық:
Кеше қайда болдың?
Атың кім?
Қазір қандай сабақ?
Үстел үстінде не жатыр?
Жазда не болады?
Есік қаққан кім?
Кіммен доссың?
Қалтаңдағы не?
Ысқырған кім?
Кімді жақсы көресің?
-Жарайсыңдар, қол соғып қоялық.
Томирис: -Қонақтар дайын болса, бастайық:
Немен келдіңіз?
Ертең қайда барасыз?
Не ұшып бара жатыр?
Түсіңізде не көрдіңіз?
Ән айтқан кім?
Қай қалаға бардыңыз?
Көктемде не болады?
Сандықта не жатыр?
Қасыңыздағы кім?
Неден қорқасыз?
-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар, келесі сайысымызға көшеміз.
Ақниет: -Келесі тапсырмаға тақтаға қарайық. Екі топқа берілген тірек сөздерден бірнеше сөз құрастыру керек. Берілетін уақыт 2 минут.Бір сөзді қайталауға болмайды. Ал, іске сәт!
Томирис: - Тапсырма тоқталды.Қане, тексеріп шығайық! (Екеуі кезектесіп оқып шығады, тексереді де қазыларға тапсырады)
Сіздерге сергіту сәті ретінде, сыныптағы үздік қатардың көрінісін ұсынамыз.
«Ара мен шыбын» көрінісі.
Ақниет: -Рахмет, достар.Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз.Тақтада бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып, ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер сол ұпайды өз қоржындарыңызға саласыздар.Қане, қонақтардан бастайық, ойлануға 30 секунд. (Кезектесіп орындап шығады.)
Томирис: - Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан шықтыңыздар.Ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 1 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, жауабын шештіре алу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Егер мимикаға түсіндіре алмасаңыздар, 1-2 сөзбен жақындатып айтуға болады.Одан артық айтпайсыздар.Ал дайын болсақ, оқушылар тобынан бастайық.
Ақниет: -Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік.Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі-өрге жүзер » дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? (Екі топ өнерлерін көрсетеді, қолпаштап тұру керек)
Томирис: - Сіздерге рахмет! Сөз кезегін әділ қазыларға берейік!
(Әділ қазылар сөйлеп, әр топты марапаттайды)
Ақниет: -Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек. ( тапсырма орындатады)
Томирис: -Оң қанатым-әкем де,
Сол қанатым-анашым
Бірі түссе қатерге
Мәңгі ұша алмай қаласың – дегендей, құрметті ата-аналар , сіздер біздің тірегімізсіздер, сіздердің уақыт бөліп бізбен бірге болғандарыңыз біз үшін бақыт. Қашан да аман-сау болыңыздар!
Ақниет: -Сіздер барда, біз де аман боламыз.Көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |