Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген



Дата26.08.2017
өлшемі40,83 Kb.
#29485
түріСабақ
Лисаков қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ


Тақырыбы: Тапқыр достар

Өткізген: Мауленова Г.С.

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: Тапқыр достар.
Мақсаты: - ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: өзін-өзі басқару сабағы.

Көрнекілік: кеспе сөздер, әріптер, интерактивті тақта, мадақтау қағаздары.
Сабақтың жүргізілуі:

  1. Кіріспе.

1-жүргізуші: -Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр. Оған себеп сіздер мен біздің ардақты ата-аналарымыздың арасындағы сайыс сабақ.

2-жүргізуші: -Бұл сайысты жүргізетін біздер, сыныбымыздың үздік оқушысының бірі-Агибаева Томирис.

1-жүргізуші: -Және сыныбымыздың өнерлі оқушысы Сейілбек Ақниет!

Ақниет: - Ендеше ойынымызды бастайық! Ортаға тапқыр ата-аналарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Томирис: -Екінші қарсылас топ олардың балалары , сыныптастарымызды шақырамыз! Орындарыңызға отыра қалыңыздар.

Ақниет: -Енді сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы алқасы да болу керек.

Әділ қазыға Анар Түлкібайқызы мен Шарбану Балғабайқызын және оқушылар атынан Анеля Ержанқызын шақырамыз.



Томирис: - Дайын болсақ бәріміз тақтадан ойын шартымен танысайық.

( Тақтадағы шарттарды түсіндіріп өтеді)

Ақниет: -Ал, қонақтар, сөз сіздерде!Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

Томирис : -Келесі топ , кезек сіздерде!

Ақниет: -Ал ,енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа ұтымды жауап береді деп «Сөз тапқыш» сайысын өткіземіз.Шарт бойынша тек өз әріпіңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер, түсінікті ме?Бірінші оқушылар тобынан бастайық:


  1. Кеше қайда болдың?

  2. Атың кім?

  3. Қазір қандай сабақ?

  4. Үстел үстінде не жатыр?

  5. Жазда не болады?

  6. Есік қаққан кім?

  7. Кіммен доссың?

  8. Қалтаңдағы не?

  9. Ысқырған кім?

  10. Кімді жақсы көресің?

-Жарайсыңдар, қол соғып қоялық.

Томирис: -Қонақтар дайын болса, бастайық:

  1. Немен келдіңіз?

  2. Ертең қайда барасыз?

  3. Не ұшып бара жатыр?

  4. Түсіңізде не көрдіңіз?

  5. Ән айтқан кім?

  6. Қай қалаға бардыңыз?

  7. Көктемде не болады?

  8. Сандықта не жатыр?

  9. Қасыңыздағы кім?

  10. Неден қорқасыз?

-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар, келесі сайысымызға көшеміз.

Ақниет: -Келесі тапсырмаға тақтаға қарайық. Екі топқа берілген тірек сөздерден бірнеше сөз құрастыру керек. Берілетін уақыт 2 минут.Бір сөзді қайталауға болмайды. Ал, іске сәт!

Томирис: - Тапсырма тоқталды.Қане, тексеріп шығайық! (Екеуі кезектесіп оқып шығады, тексереді де қазыларға тапсырады)

Сіздерге сергіту сәті ретінде, сыныптағы үздік қатардың көрінісін ұсынамыз.

«Ара мен шыбын» көрінісі.

Ақниет: -Рахмет, достар.Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз.Тақтада бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып, ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер сол ұпайды өз қоржындарыңызға саласыздар.Қане, қонақтардан бастайық, ойлануға 30 секунд. (Кезектесіп орындап шығады.)

Томирис: - Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан шықтыңыздар.Ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 1 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, жауабын шештіре алу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Егер мимикаға түсіндіре алмасаңыздар, 1-2 сөзбен жақындатып айтуға болады.Одан артық айтпайсыздар.Ал дайын болсақ, оқушылар тобынан бастайық.

Ақниет: -Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік.Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі-өрге жүзер » дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? (Екі топ өнерлерін көрсетеді, қолпаштап тұру керек)

Томирис: - Сіздерге рахмет! Сөз кезегін әділ қазыларға берейік!

(Әділ қазылар сөйлеп, әр топты марапаттайды)



Ақниет: -Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек. ( тапсырма орындатады)

Томирис: -Оң қанатым-әкем де,

Сол қанатым-анашым

Бірі түссе қатерге

Мәңгі ұша алмай қаласың – дегендей, құрметті ата-аналар , сіздер біздің тірегімізсіздер, сіздердің уақыт бөліп бізбен бірге болғандарыңыз біз үшін бақыт. Қашан да аман-сау болыңыздар!



Ақниет: -Сіздер барда, біз де аман боламыз.Көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет