Ұлыстың ұлы күні



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі110,35 Kb.
#43904
1   2

Айбол: Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз - жыл басы.
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп.
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу – маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.

Бауыржан: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.



Инаят: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін - бірі құшақтасып сүйеді.

Бекет: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!

Ақерке: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!



Исмаил: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдырар.

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!



Анелья: Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

Інкәр: Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.

Гаухар: Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.




Жүргізуші: Уа, халайық келіңіз, армысыздар!
Барлығыңыз есен - сау бармысыздар!
Бала деген өмірдің қызығы ғой,
Бала деген өмірдің жалғасы ғой,
Қызығын қызықтауға тоймаңыздар - деп «Балдырған» ересек тобы бүлдіршіндерінің "Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жігіт сұлтаны"сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, кім білгіш білейікші,

Өлкесін сүйер азамат деп жүрейікші.

Әділ-қазыларға тек әділдікті,



Ал сайыскерлерге сәттілікті тілейікші – деп әділқазылар алқасымен танысып алайық. Әділқазы алқалары------------------------------------

Жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.
Айым: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Балабақшада өнерімен болған сыйлы.

«Балдырған» тобының ер жігіті,

Шақырайық ортамызға Аллан ұлды. Әкесімен Жалғас Мырзағалиұлымен.
Фариза: Ойыменен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан.

Қараңыздар Тамерлан жігіт келеді ортада,

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан. Анасы Зульфия Базарбайқызымен.
Айым: Біледі ол жақсы менен жаманды,

Өнеріменен тамсандырған адамды.

Қошеметтеп шақырайық ортаға,

Мирас атты жігіт болған сабазды. Анасы Гүлназ Абайқызымен.

Фариза: Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Әсетұлы Әлішердей жігітті,

Шақыралық қошеметпен ортаға. Анасы Гүлназ Әбдешқызымен.
Жүргізуші: Ендеше сайыс бағдарламасымен танысайық:

І БӨЛІМ «Тегімді менің сұрасаң...» - өзін таныстыру.

ІІ БӨЛІМ «Жігітке жеті өнер де аз» - өз өнерін көрсету.

ІІІ БӨЛІМ «Шебердің қолы ортақ» - үй тарпсырмасы, қолөнер бұйымдарының шеберлігі.

ІV БӨЛІМ «Кіл жүйрікте кім жүйрік» - қамшы өру сайысы.

V БӨЛІМ  «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» - сұрақ – жауап сайысы.
ӘН: «НАУРЫЗ»

Ақыл, көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Сұлтандар өздерін таныстырып өтеді.

І БӨЛІМ «ТЕГІМДІ МЕНІҢ СҰРАСАҢ...» - ӨЗІН ТАНЫСТЫРУ.

Аллан: Қош келдің өнер сүйер халқым менің,

Сұлтандар жарысына салдым сенім.

Бас иіп осы отырған халқым саған,

Мен Аллан слемімді бердім саған.

Руым «Қаракесек» қайтпас қайсар,

Өнерім өз бойымда ала келдім.

Әке-шешем Жалғас-Жұлдыз жарасқан,

Балдай тәтті жанүямыз дер едім.

Осы жарыс ортасынан топ жарып,

Нағыз жігіт сұлтаны деп айта аламын.

Алға қойған мақсатыма жетемін,

Өз елімнің көк туын желбіретемін.

Тамерлан: Ассалаумағалейкүм халқым менің,

Қашанда биік тұрар даңқың сенің.

Бабалардан мұра болып қалған бізге,

Алтыннан да қымбат қой парқың сенің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Қорамыз үйір-үйір малға толсын.

Еліміздің басынан бағы таймай,

Қазақтың әрбір үйі жанға толсын!

Менде ұлыңмын бір бақытқа балаған,

Әрбір адам шын тамсана қараған.

Базарбайдың Тамерланы келіп тұрған,

Қаражонның табынынан тараған.

Әкем Нұрасхан әрқашанда қолдайтын,

Анам Зульфия біздер үшін тынбайтын.

Ағам Бақыт қиын сәтте қорғайтын,

Кенжесі мен еркелікке тоймайтын.

Қуаныш пен бақыт сыйлап жандарыңа,

Жігіттердің сұлтаны алдарыңда.

Қол соғап, қолдау жасап бәрімізге,

Сәттілік пен жеңіс тіле балдарыңа!

Мирас: Армысыздар жиналған көпшіл қауым!

Биік қойған жанынан ұлдың арын!

Көпшілік менде өзімді сынға салдым,

Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.

Топтан озу мақсатым болмаса да,

Сері болу мақсатым сегіз қырлы.

Әділқазы алқасы армысыздар,

Жігіттерге әділ баға беретұғын.

Атым Мирас болады сұрасаңыз,

Руым Адай «Қырықмылтық» екен кешегі бір атамыз.

Әкем аты Ержан асқар тауым,

Анашым Гүлназ жүзінен төгілетін күннің нұры.

Ұстазым- Жанна, Малика апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған.

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

Өнеріммен одан да таң қылайын.

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,

Сахнаның төрінде сән құрайын.
Әлішер: Ұрпағымын әсеттің,

Өркендеп өсіп келемін.

Ұстанып қазақ қасиетін,

Бас иіп сәлем беремін.

Балабақша мекенім,

Үйретеді әріптер.

Таныстырсам өзімді,

Ниязғали Әлішер.

Топтың аты Балдырған,

Арқамыздан қағатын.

Шөлімді менің қандырған,

Жаңыл әжем бағатын.

Қасымда, ата-анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Көк туды көкке көтеріп,

Ер жетіп жігіт боламыз.

Анам менің арнаған бар асылын,

Тек өзіңсің сүйенішім,жанашырым.

Бәйгеден шауып, өзып келеді әлі,

Бас жүлдені иеленіп Әлішерің.

Орта жүз уақ руының ұрпағымын,

Тұғырына шыққан жігіт сұлтанының.

Баршаңызға сәттілік қарсыластар,

Паш етейік өнерді атаулы күн.

БИ: «БАТЫРЛАР»

Би билеймін тынышыңды алатын,
Ән саламын жанның шөлін басатын.
Әсем әннің әуенімен өткізген,
Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін ІІ БӨЛІМ «ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ» ӨЗ ӨНЕРІН КӨРСЕТУ..

Аружан: Тәрбиесі ерекше деген сөз бар,

Жеребеге кім шықса кезек алар,

Қол соғып шақырайық ортамызға,

Өнерімен бәрінен Аллан озар – деп «Қошақаным» әнімен Алланды қарсы алыңыздар.



Айару: Ақылымен саналы дара туған,

Оқу оқып ерекше білім қуған.



Тамераланды кезекпен қарсы алайық,

Шашу шашсын сіздерге өлең –жырдан –деп Тамерланды «Жаяу» әнімен қарсы алыңыздар.



Аружан: Туған зерек, ерекше тапқырлығы,

Өн-бойынан көрінер батылдығы.

Сәті келді Мирасқа кезек берер,

Көрініп тұр өнерге жақындығы – деп «Жігіттер» биімен Мирасты қарсы алыңыздар.



Айару: Ал Әлішердің, өнері бар қаншалықты,

Жігіттер би билеп, ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Әлішер аянбай – ақ жан салыпты – деп Әлішерді «Анашым» әнімен қарсы алыңыздар.

АЙТЫС: ДІНИСЛАМ МЕН ГҮЛНҰР.

Дінислам, Гүлнұр бірге:
                  Оу, халайық халайық,
                   Әсем әнге салайық.
                   Наурыз тойын көңілді,
                  Бірге қарсы алайық.

Дінислам: Менімен айтысар,

Қыз құрбылар қайсың бар.


Қолдан келсе  әзілдеп,
Маған сынды айтыңдар..
Гүлнұр: Айтысуға өзіңмен,
Шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші едің,
Жаттап оны алдыңба ?
Дінислам: Құрбым кімге күлесің,
Өзің нені білесің.
Оңға дейін қиналып,
Санай алмай жүресің.
Гүлнұр: Бәтеңкенің бауында,
Байлай алмай жүруші ең.
Уйрендіңба жидеңді,

Теріс қарай киюші ең.
Дінислам: Олпы – солпы кигенің,
Ойыңа не түйгенің.
Намысыма құрбы жан,
Наурыз күні тимегің.
Гүлнұр: Айтысуға шақырдың,
                  Тимесең сенде тимегің.
                  Наурыз күні достасып,
                  Бірге көже ішейік. Дінислам, Гүлнұр бірге:

Ұлы Наурыз бәріңді,


Татулыққа шақырған.
Тоқтатпасақ айтысты,
Сөз қалған ба ақыннан.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге шеберлік. ІІІ БӨЛІМ «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ»- ҮЙ ТАРПСЫРМАСЫ, ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ.

Жүргізуші: Кең байтақ Қазақ даласында салт-дәстүрлердің қызықты түрлері өте көп. Келесі кезекте ата-аналар мен балалар салт-дәстүрлерден көрініс көрісетпекші. Шілдехана рәсімі, қырқынан шығару, тұсаукесер рәсімі, атқа мінгізу рәсімі.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.
ІV БӨЛІМ «КІЛ ЖҮЙРІКТЕ КІМ ЖҮЙРІК» ҚАМШЫ ӨРУ САЙЫСЫ.

Жүргізуші: Балалар сендер Наурыз мерекесінде дайындалатын қандай тағамды білесіңдер.

Балалар: Наурыз көже.

Жүргізуші: Мінекей аналарың сендерге мерекеге арнап Наурыз көже әзірледі.

-Ал, бұл көжеге неше түрлі тағам қосылады екен.

Балалар: 7 түрлі тағам қослады. Су, тұз, айран, ет, кеспе, бидай, миіз.

Жүргізуші: Ал, балалар сендер осы Наурыз көже туралы тақпақтар білесіңдерме?

Балалар: Иә.

ТАҚПАҚТАР:

Рамазан: Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Бар ет,сүт пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже елдің ырзығы.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз көжеден дәм татамыз!



Нурислам: Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,

Береке мен бірліктің жалғасуы.

Жеті түрлі қасиетті дәмменен,

Байтақ елдің бір толады астауы.



Дастан: Ұлы күні ұлыстың 
Күн мен түнді теңеген 
Тәтті дәмін ырысты 
Таттық наурыз көжеден. 

Дильназ: Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылым наурызда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.



Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде V БӨЛІМ  «БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР,БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР» СҰРАҚ –

ЖАУАП САЙЫСЫ.

Ата-аналарға:

1.Жеті қазынаны ата?

(Сұлу әйел, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат, ер жігіт, жүйрік тазы, ақыл-білім.)



2.Үш жұртты ата?

(Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.)



3.Үш арсызға не жатады?

(Бірінші арсыз ұйқы, екніші арсыз күлкі, үшінші арсыз тамақ)



4.Үш мақсатты ата?

(Жол мақсаты- жету, дай мақсаты- біту, сауда мақсаты- ұту)



5.Үш байлықты ата?

(Бірінші байлық –денсаулық, екніші байлық- ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық)



6.Үш тәттіні ата?

(Бірінші жан тәтті, екінші мал тәтті, үшінші жар тәтті.)



7. Қазақ халқының салт дәстүрлерін ата?

(Шілдехана, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, тіл ашар, мүшел жас, құда түсу, сырға салу, қыз ұзату, сыңсу, беташар, құда тартар, құйрық бауыр, киіт, қонағасы, жоқтау, жұбату, ерулік.)



8.Киіз үйдің бөліктерін ата?

(Кереге, уық, шаңырақ, түндік, туырлық, үзік, сықырлауық.)



Балаларға:

1.Наурыз көжеге неше тағам қосылады? Қандай?

( 7 түрлі тағам. Су, тұз, айран, ет, кеспе, бидай, миіз.)



2.Жеті атаны ата?

(ата, әке, бала, немере, шөбере, шөбшек, немене.)

3.Ұлттық ойындарды ата?

(Сақина тастау, тоғызқұмалақ, арқан тарту,қыз қуу, ханталапай, орамал тастау, тақия тастамақ. )

4.Ұлттық киімдерді ата?

(Камзол, мәсі,сәукеле, жейде, шалбар, шапан, тымақ, тақия, көйлек, ішік, тон.)

5. Малдың төлін ата?

(Сиыр....., Жылқы....., Қой....., Ешкі....., Түйе....., Мысық......, Ит......)

6.Ұлттық тағамдарды ата?

(ет, қуырдық, қазы, шұбат ,қымыз, құрт, жент, қаймақ, ірімшік.)

ӘН: «ҚОШ КЕЛДІҢ, ТӨРЛЕТ НАУРЫЗЫМ» Жүргізуші: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», - демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға сөз береміз. Әділқазы алқалары жеңімпаздарды мадақтайды. «Жігіт сұлтаны», «Батыр жігіт», «Сері жігіт», «Қайсар жігіт», «Өнерпаз жігіт».

Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын.
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын.

Ән қосылсын сәніңе!


Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына- дей келе келесі Наурыз тойында кездескенше аман сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет