Литературно – музыкальный творческий вечер Тақырыбы: «Созвучие муз — Абай, Пушкин и Шекспир»



Дата12.03.2018
өлшемі134,2 Kb.
#38501
Литературно – музыкальный творческий вечер

Тақырыбы:

«Созвучие муз — Абай, Пушкин и Шекспир»

«Ұлылар үндестігі- Абай, Пушкин және Шекс­пир»

«Consonance muses - Abai, Pushkin and Shakespeare»
Мақсаты: Әр кезеңде өмір сүрген қазақ, орыс, ағылшын халқының ұлы тұлғалары – Абай, Пушкин, Шекспирдің шығармашылықтарындағы ортақ үйлесімді көрсету.
Көрнекілік: Слайд, портреттер, бейнежазбалар, эпиграфтар жазылған плакаттар
Құрал-жабдықтар: компьютер, проектор
Эпиграф:

"Мақтануға болатын істі, ұлттың мүддесі үшін көрсете білген дұрыс".
"Каждая нация обязана сделать всеобщим достоянием то лучшее, что есть у нее".

"If you don’t have the best, do the best of what you have"

Мерекелік бал. Вальс билеп жүрген Пушкин мен Наталья Гончарова. (бейнежазба қойылады)

Қызметші келіп, Пушкинге арнап жіберілген шақыру хатты ұсынады.

Қызметші: - Mon senior, Pushkin! –


Позвольте вам-с преподнести послание из далекой земли казахской! Это письмо лично вам-с!

Пушкин:
Земля казахов, друг Абай,
Я был там, помню, буду!
Друзей своих я не забуду!
О, Натали, я в Казахстан!

Меня там в школу приглашают, 


На семинар моих друзей.
Друзей, кто с русской речью дружен
И на великий юбилей!

Наталья:
Ах, браво, быть женой поэта, 
Мне суждено судьбой моей.
На этот раз и я поеду, 
С страну акынов и степей!

Пушкин мен Наталья қазақ жеріне келіп тұр. (слайд)

Оларды Абай мен Әйгерім қарсы алады.
Абай:
- Армысың, Пушкин ақын, оралдың ба?
Кең байтақ қазақ жерін шарладың ба?
Қазақтың жетістігін көргеніңде, 
Таңдай қағып, тамсанып, таң қалдың ба?
Мен де өзіңдей халқымның ақынымын
Жанашыры қазақтың жақынымын, 
Ару жанды Татьянаңды қалың жұртқа, 
Онегинді аударып жақын қылдым!
Қонақжай халық біздің қазақ елі, 
Кең байтақ көрдің өзің әсем жері.
Бабалардың мұра етіп қалдырғаны, 
Сіңген екен бұл жерге қанмен тері
Қош келдің жерімізге, Пушкин ақын!
Ақын жоқ біздер үшін сенен жақын.
Жарымның да орындалды басты арманы
Айкерім, танысыңыз менің жарым!

Пушкин: Друзья, прекрасен наш союз!
Я счастлив встрече...Неслучайно.
С собой супругу я привез, 
Чтоб дамы наши не скучали.
Я поздравляю ваш народ, 
Тебя, мой друг, я поздравляю!
Пусть развивается, цветет
Здоров пусть будет Назарбаев!

Айкерім:
- Аман-есен жеттіңіз бе, Пушкин абыз ?
Оң болсын бізге келген қадамыңыз!
Жаныңдағы Татьяна ма, Натали ма?
Ару екен еріткен адамыңыз!

Пушкин: Разрешите представить мою молодую супругу
Наталья Гончарова
Айкерім:
Натали ұлы ақын жарысыз сіз, 
Халқыңыздың мақтанышы, сәнісіз сіз
Данаға муза болсам мен де сіздей
Болар едім бұл фәниде мен армансыз!

Натали:
-Дитя мое, ведь счастье это, 
При жизни быть женой поэта.
Запомните одно лишь это
Увековечил вас н, а свете!

Я очарована страной


Впервые здесь побывала!
Какой же дорогой ценой
Богатство это вам досталось?

Абай: Біздің мектепке ат басын тіреп семинарымыздың салтанатын асқақтату үшін Шекспир де шақырылды! (Бәрі бірге Шекспирді қарсы алады)


1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар және ұстаздар ! «Ұлылар үндестігі» атты Абай атамызға, орыс классигінің акыны Пушкинге және ағылшын ақыны Шекспирге арналған поэзиялық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл үш ақының арасындағы үндестігі бүгінгі таңдарда ерекше көрінеді.

Шын мәніндегі ұлы ақындар, асыл сөздің теңдесі жоқ шеберлері, өз халкының адал ұлдары бүгін бір-бірімен кездесті деуге болады. Қаншама ғасыр өтседе Абай, Шекспир, Пушкин есімдері мен шығармалары ұмытылмақ емес.

2-жүргізуші: Қазақ халкы үшін ұлы Абай қандай мақтаныш болса, орыс халқы үшіңде А.С.Пушкин сондай сезім ұялатады. Біз үшін Пушкиннің өлендерін алғаш аударған ұлы Абай.

Сонау қазақ даласының түкпір-түкпірінде Пушкин кейіпкерлері қазақша сөйлеп кете барды. Осы үш ақынның Абай, Пушкин, Шекспир үндестігі мен асыл мұрасы бүгінгі кеште алдарыңызға ұсынылады.
Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі үш тілде оқылады.

(Оқушылар үш елдің ұлттық киімін киіп шығады)


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ, барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілімнің көзі ашық сергек үшін.

Стихи мои не для увеселений,

Я их писал для новых поколений

Во след идущим, молодым.

Тем молодым, чьи чувства не остыли,

Чей чуток слух и чья душа жива,

Чей кругозор объемнее и шире,

Посланием летят мои слова!

Not for amusement do I write my verse.

Not do I stuff it full of silly words.

It for the young I write, for those,

Whose hearing is acute, whose senses are alert.



Men who have vision and are quick to give response

Will understand the message in my verse!


1-жүргізуші: Мәңгі сөнбес үш жұлдыз - Абай, Пуш­кин және Шекспир.

Заман өзгереді, дүние шыр көбелек айналып, қоғам кұбылады.


2- жүргізуші: Ғасырдан ғасырға жалғасып мың жыл өтсе де ескірмей, келе жатқан поэзия патшалығы иелерінін артына қалдырған алтын мұрасы, асыл қазынасы, ұлы сезіммен жазылған дүниелерінің бірі халықты оқу ,білімге шақыру мақсатында жазылған шығармалары мәңгі жасайды.
Абай «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба,

Құмарланынып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рақым , ойлап қой-



Бес асыл іс, көнсеңіз.


Шекспир: “About Motherland”

I love my motherland

She is like a large mountain

Standing on the peak, looking out,

This country is so lovely

The scenery everywhere good.
I love my motherland

She is like an ocean

Vast and boundless, passion surging

Many talented people, generations of heroes

Wave after wave.
Лицей в жизни А.С.Пушкина

Друзья мои,прекрасен наш союз!

Он, как душа, неразделим и вечен-

Неколебим, свободен и беспечен,

Срастался он под сенью дружных муз.

Куда бы нас ни бросила судьбина,

И счастье куда б ни повело,

Все те же мы: нам целый мир чужбина;

Отечество нам Царское Село.


1-жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын тесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
2 - -жүргізуші: Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан ауызға, заманннан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғанында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында.
Абайдың әні. «Көзімнің қарасы» (Сахналық көрініс)
1-жүргізуші: Пушкин сынды данышпан өкілін Абай өзіне үлгі, мектеп деп білді. Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық үйлестігі айқын байқалады. Абай Пушкин шығармаларын аударса да, барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген.

2- жүргізуші: Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ, ақыны екі жанның арасындағы сыйластықты, махаббатты, бірақ тіршілік толқынының себептерімен қосыла алмай, опық жеген жастар бейнесін таныды.

Осыған дәлел ретінде Абайдың Пушкиннен аудармасы «Татьянаның Онегинге жазған хатынан » үзінді тыңдаңыздар.
Сахналық көрініс

(«Татьянаның Онегинге жазған хаты» оқылады екі тілде )
Я к Вам пишу — чего же боле?

Что я могу еще сказать?

Теперь, я знаю, в вашей воле

Меня презреньем наказать.

Но вы, к моей несчастной доле

хоть каплю жалости храня,

Вы не оставите меня.

Сначала я молчать хотела

поверьте: моего стыда

Вы не узнали б никогда,



Когда б надежду я имела

Хоть редко, хоть в неделю раз,



В деревне нашей видеть вас,

Чтоб только слышать ваши речи

Вам слово молчить, и потом

Все думать, думать об одном

И день и ночь до новой встречи.
Не болса да , өзімді

Тапсырдым сізге налынып.

Толтырып жасқа көзімді,

Есірке деймін жалынып.

Бұл жерде ешкім сырымды

Білмейді, айтып не етейін?

Жақтырмай бұзсаң нұрымды,

Білдірмей күйіп өтейін.



Күтемін сізден қайта хат,

Қуандырып дертім жаз.

Ол болмаса, шыныңды айт,

Кінә өзімді, өзіме аз.

Өз хатына өз көзім

Ұялып, қорқып баға алмас.

Кепілім менің – бір өзің,

Бөтен жан тесік таба алмас.


1-жүргізуші: Ұлы даналарымыз табиғаттың әсем сазын да, дүлей күштеріне де, шуақ жайған

жайдары күндерін де әсем бейнелеп, өлеңдерінде жырлаған.
(Көктем табиғатына байланысты слайд жіберіледі)

2-жүргізуші: Абай «Жазғытұрым» өлеңінде көктем табиғатын былай суреттейді.:

1-жүргізуші: Пушкин көктемді «Весна» өлеңінде былайша жырлайды.

Весна, весна, пора любви,

Как тяжко мне твое явленье

Какое томное волненье

В моей душе, в моей крови...

Как чуждо сердцу наслажденье...

Все, что ликует и блестит,

Наводит скуку и томление.

Отдайте мне метель и вьюгу

И зимний долгий мрак ночей.




2-жүргізуші: Ал, Шекспир көктемді былай бейнелейді: (№98 сонет оқылады)

1-жүргізуші: А.С.Пушкин . Романс «Я помню чудное мнгновение»

(Көктем табиғатына байланысты бейнежазба )
1-жүргізуші: Абай Пушкиннің, Шекспирдің еңбектерін оқыған. Олардың еңбектерін оқи отырып, озық ойлы Абай орыс, Европа мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен.
2-жүргізуші: Шекспирдің сонеттерін, Гетенің гуманистік, философиялық синтезін Абай ары дамытып,қазақтың кеңістігіндегі орнын айқындап берді.

Шекспирдің 40 сонеті мен Абайдың қырық бесінші қара сөзінде айтқан тұжырымдарына кезек берейік.
(Сахнада Абайдың шабыт үстіндегі кезі көрсетіледі)

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі — неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.

Адамшылықтың алды — махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол — ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.


Шекспирдің 40 сонеті оқылады
1-жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Хор: «Желсіз түнде жарық -ай»
1-жүргізуші:

Орыстар үшін – Пушкин, Қазақтар үшін – Абай, ағылшындар үшін - Шекспир - теңдессіз ұлы құбылыс. Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абай, Пушкин, Шекспирлердің мұрасы адамзат үшін ешқашан да сарқылмайды. Даналар туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оларды сонша құрметтейді.


2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдарып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Сонымен, бүгінгі «Ұлылар үндестігі» атты шығармашылық кешіміз соңына жетті.

Көңіл бөліп, тамашалағандарыңызға рахмет!

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Шұбар» жалпы

орта мектебі

Облыстық әдістемелік – практикалық семинар

Сыныптан тыс іс - шара


Литературно – музыкальный творческий вечер


« Созвучие муз »

Сыныптар: 9-10-11 оқушылары

Пән мұғалімі: Байырхан Ш.С.

Шұбар 2015




Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Шұбар» жалпы

орта мектебі

Облыстық әдістемелік – практикалық семинар

Сыныптан тыс іс - шара


Литературно – музыкальный творческий вечер


« Созвучие муз »

Сыныптар: 9-10-11 оқушылары



Пән мұғалімі: Байырхан Ш.С.

Шұбар 2015

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет