Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып



Дата10.10.2020
өлшемі7,05 Mb.
#64350

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып

Байдрахманова Маншук Абсаматовна,

орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

«Ембі қалалық №2 орта мектебі»ММ
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Қасиетті қара шаңырақты білім нәрімен сусындап, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім берген ардагер –ұстаз Саркулова Айжан Темирхановнамен 2017 жылдың қазан айында Ембі қалалық №2 орта мектебінің 8 «Б» класында кездесу өткізілді.Бұл кездесу қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және  ұстаздар мерекесі тоғысқан күні қарсаңында «Сыр сұхбат » бағдарламасы аясында болды. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз  жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстазымыз -Айжан Темирхановнаның өмірбаянымен таныс болдық және мектебіміздің тарихымен, оны қаланған кезеңі туралы көптеген мағлұмат алдық. Айжан Темирхановна Темір совхозында ұстаздық қызмет атқарған. Одан әрі 1965 жылы Бестамақ поселкесінде жұмыс бабымен ауысып сол өңірдің ұстаздық жолын жалғастырған, Алға ауданында ұстаз және мектеп орынбасары қызметін атқарған. Ембі қаласында №2 орта мектепте, тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары болып қызмет атқара отырып жұмысын жалғастырған. 1978-1981 жылдары аралығында Ембі қаласында мектеп орынбасары әрі орыс тілі пәні мұғалімі болып қызметін атқарған. Осы кезең аралығында өзінің ерен еңбегінің арқасында көптеген облыстық, аудандық наградалар мен «Құрмет грамотасы», «Мақтау қағазы», «Медаль материнства», «Ветеран труда» медалін алған.35 жыл бойы ұстаздық қызметінде атқарған еңбегінің жемісін көріп, 1998 жылы зейнеткерлік демалысқа шығып, балаларын аяқтандырып, отағасымен бірге балаларының қызығына бөленіп 6 немерені бірігіп тәрбиелеген. Қазіргі таңда аяулы ана, өнегелі ене, сүйікті әже боп балаларының қызықтарын көруде. 2017 жылдың 12 сәуірде балаларының ұйымшылдығымен 80 жас мерей тойын тойлаған.

Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері  ардагер ұстазымыздың  еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырды. Сұхбатты тыңдау кезінде мені таңқалдырған жағдай – Айжан Темирхановнаның өзіңе деген сенімділік пен жаңалыққа жаны құмарлығы. Әңгіме барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына өз ой-пікірін білдірді, талқыға салды. Қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңа, қажырлығыңа қайран қаламын, қызығамын. Осындай ардақты да аяулы ұстаздардан  үлгі-өнеге алған біздер сіздердің сенімдеріңізден шығып, талай биіктерді бағындырамыз деп сендіремін. Ардагер –ұстаздың сұхбатынан кейін оқушылар ерекше бір сезімде болды.

Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде әр ұстаздың еңбегі зор.

Құрметті менің ұстаздарым, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпін. Мектебіміздің қасиетті қара шаңырағына 40 жыл толды. Мектебім биіктен көрініп,ұшырған шәкірттерімен мақтанып , тамсанатын болсын деймін!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет