Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым



бет52/83
Дата04.01.2022
өлшемі146,43 Kb.
#109376
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
Байланысты:
логика гулжан

Оқу іс – әрекеті: Логика
Тақырыбы: «Математикалық әзіл - есептер»
Мақсаты:

1. Әзіл есептерді шығарта отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
2. Балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдап, сөздік қорын байыту.
3. Балаларды ойлануға, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Міндеті:Әзіл есептер шығару
Көрнекілігі: Әзіл есептер жинағы
Сөздік жұмыс:
Билингвалды компоненттері:
Инклюзивтік әлеумет:
үлгерімі орта балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Іс – әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың
іс -
әрекеті


Жанұя-ның қатысуы


Мотивация-лық
қозғаушы


Тәрбиеші балаларды ғажайыптар орталығына алып барады.

Дид / ойын: «Себеттегі алма»

-есептер шығару.



Себеттегі алмалардағы есептерді шығарады.




Ұйымдас-тыру ізденіс

Математикалық әзіл – есептер:

1.Жанып тұрған төрт майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше май шам қалды?

2.Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр екі ешкі.

Екі ешкі мен екі ешкі,

Болады барлығы неше ешкі?

3.Табақта он алма,

Данияр алды 7 алма.

Еңілік алды 2 алма,

Сонда қалды неше алма?

4.Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Қане, кім тез табады?



Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Таяқшамен жұмыс:

7 таяқшаны пайдаланып әр түрлі пішіндер құрастыру. Балалардың өз шығармашылығына ерік беру,

Дәптермен жұмыс:

-Анықтап қара, заңдылықты тап.

Бос тор көздерге сызықша арқылы төмендегі тиісті заттарды қос.

Жұмбақ

Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салды үйін.

(қарлығаш)



Көбелек

Көбелек – ау, көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

-Ұмытшақ суретші

-Есеп құрастыр, шығар.

Балалар әзіл – есептерді шығарады.


2 майшам қалды.

Барлығы 4 ешкі


Сонда 1 алма қалды


5 қаз қонған жоқ

Балалар таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырады.

Жұмбақты шешіп «Көбелек» өлеңін жаттайды.


Ұмытшақ суретшінің нені ұмытқанын тауып, суретін салады.





Рефлексия-лық түзету

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?




Балалар жұмбақ әзіл – есепті шешіп, жауабын табады.




Күтілетін нәтижелер:

Не білді?: Әзіл есептерді шығаруды үйренді.
Не меңгерді?: Тапсырманы толық орындауды үйренді.
Не істей алады?: Сурет арқылы есептер құрастыра алады.

20 – оқу іс – әрекеті



Білім саласының мазмұны: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тіл дамыту. Сурет.
Оқу іс – әрекеті: Логика
Тақырыбы: «Төлдерді ата»
Мақсаты:

1. Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін атай білуге бір – бірінен ажырата білуге үйрету.
2. Балалардың есте сақтау қабілетін тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел арқылы дамыту, ой – өрісін қалыптастыру.
3. Жан – жануарға, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Міндеті:Төлдерді атай білуге үйрету. Ненің төлдері екенін ажырату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет