Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым



бет1/83
Дата04.01.2022
өлшемі146,43 Kb.
#109376
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
логика гулжан


Түсінік хат
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – Қазақстан Республикасында үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Бұл деңгейде балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалған.
Мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды даярлық топтар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды дайындық сыныбына арналған бұл бағдарлама баланың жас ерекшеліктеріне бағытталып жасалды.
Бағдарлама 2008 жылдың 28 қыркүйегінің № 628 бұйрығымен енген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын басшылыққа ала отырып, бес білім саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасымен бірге мектепалды даярлық топтар мен сыныптарына арналған жұмыс дәптері жасалды.
Мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды даярлық топтар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды дайындық сыныбына арналған логика балалардың логикалық қабілеттерін дамытып, дүниетанымын қалыптастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу бағдарламалары әр баланың бейімділігін, қабілеттілігін іске асыруға, оның даму ерекшеліктері негізінде бастауыш білім беру бағдарламасын меңгеруге, даярлауға бағдарланады.
Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым.
Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс – әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруі мен бірге есте сақтау ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар жүйелі, түсінікті, қарапайым түрде берілген.
Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы, саусақтарының бұлшық еттері мен қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты. Қарындашпен сурет салу, үзік сызық сызудың мәні зор. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындай отырып, балалар қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады.
6 – жасқа қараған бала логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың ойлауы заттармен нақты іс – әрекеті арқылы жүзеге асады. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындауда баланың сөздік қоры, тіл байлығы, шағын әңгімелер қолдануды, өз пікірін айтуды, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, ойлануды үйренеді. Материалдар мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сәйкес, жекеден жалпыға, қарапайымнан күрделіге қарай құрылған.
Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауға, сурет жиегінен шығып кетпеуді ескерту керек. Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі – түсті қарындаштар қажет.
Бала тапсырманы орындап болған соң, өз жұмысына баға береді. Егер жұмысын өте жақсы орындаса, қызыл түспен, егер жақсы орындаса, жасыл түспен, орташа орындаса, көк түспен бояйды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет