Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқушыларды бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптастыруды көздейді. Бұл өз кезегінде оқушының жеке шығармашылық қызметін, қызығушылығын арттыруды талап етеді. Бұл мақсатқа жетудің жолдарының бірі мектеп оқушыларының бойында белгілі бір жалпы, оның ішінде математикалық мәдени деңгейін қалыптастыру арқылы деп ойлаймын.
Математика — ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл — өмір талабы.
Математика адамның күш-жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді. Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады.
Логикалық есептерді ойлап шығарудағы мақсат – логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі. Логикалық есептерді шығару – баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |