16
Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
Президент кең құзыреттерге ие;
Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында
жауапты.
Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция,
Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) жəне конфедеративтік болып
бөлінеді.
Діни белгісіне байланысты: зайырлы жəне діни болып бөлінсе, саяси режимнің
қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық жəне тоталитарлық болып үшке
бөлінеді.
Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық жəне əлеуметтік деп бөлеміз.
Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі жəне сыртқы. Ішкі қызметіне
жататындар:
экономикалық салады мемлекет кəсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мəселелерді
шешеді;
əлеуметтік өмірді ұйымдастырады;
заңдылықты қамтамасыз етеді;
мəдени-тəрбиелік салада жұмыс атқарады;
Сыртқы қызметіне жататындар:
мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;
ауқымды мəселелерді шешуге араласу;
басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;
Сонымен мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты
тіршілігіне жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: