«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Кейске қойылатын басты талаптар



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
umkd

Кейске қойылатын басты талаптар 
1. анық , нақты, түсінікті мазмұндалуы керек;
2. мəселелігімен, оның ең басты “өзегін” мəнерлеп, айқын көрсету; 
3. жағымды, жағымсыз жақтарында мысалмен көрсете білу керек; 
4. керекті мазмұнын ақпараттарды жеткілікті беру; 
5. проблемалық ситуацияның айқындылығы, оның біліктілігі. Кейс ситуацияның моделін 
жасауда ең маңызды орын алады. Сонымен қатар Кейс мəтінінде берілген мəселені шешуді 
ешқандайда жауабы берілмеуі керек. 
«Кейс стади»
[ағылш. сase – жинау, studу - зерттеу] – салыстыру түрі бір ел немесе 
жеке бір елдегі саяси құбылыс басқа елдермен салыстырмалы түрде қарастырылған 
жағдайда жүзеге асырылады. Кейбір зерттеушілер мұндай зерттеулерді салыстырмалы 
зерттеулерге жатқызбайды. Дегенмен, салыстыру белгілерін байқауға да болады. Негізінде, 
1971 ж. Аренд Лейпхарт ұсынған «жеке жағдайды» зерттеуді жіктеу дəлелдеу негізіне 
алынады: а) жағдайды сипаттау үшін бар теорияны пайдалану; б) жеке жағдайларды зерттеу 
арқылы теорияны тексеру жəне дəлелдеу; в) жеке жағдайларды болжау жасау үшін зерттеу; 
г) бұрмаланған жеке жағдайларды зерттеу.
«Сase-study» зерттеу стратегиясын былай анықтауымызға болады: 1. Құбылыс өзінің 
өмір сүріп отырған ауқымында зерттеледі; 2. Құбылыс пен оның ауқымы арасындағы 
шекара белгісіз болған жағдайда; 3. Дəлелдеу үшін көптеген деректер қолданылады. «Сase-


studу» салыстыру түрі ең кең тараған салыстыру стратегиясы. Нақты өмірде болған оқиғаны 
алып, жағдаятпен жұмыс жасау. Оған үлгі ретінде төменде бірнеше мысалдар келтіреміз. 
 
 
Кейс-стади əдісі. Жағдаят
( төменде 2 жағдаяттарға үлгі-мысалдар көрсетілді) 
Жағдаят 1. 
2016 ж. Ресеймен Сириямен арақатынасы қиындаған Түркия мемлекеті де қазір 
туризм науқанын жандандыруға кіріскен еді. Осы мақсатта Түркия мемлекеті əлем елдеріне 
соның ішінде Қазақстан азаматтарына да Түркияға демалысы барысында олардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге даяр екендіктерін жеткізді. Демалыс орталығы саналатын 
Антальяның 5 жұлдызды мейманханаларының туристерге қызмет көрсетуі мен қамтамасыз 
ету бөлмелерінің демалыс құнын 70%-ға төмендегенін айтып туристерді шақырған еді. 
Дегенмен отандық турагенттік қызметкерлері соңғы уақыттарда Түркияға демалыс 
шараларымен басқа да сапарлармен шығатын қазақстандықтардың күрт азайғандығын 
жеткізді. Ал еліміздің сыртқы істер министрі Түркия қазақстандықтардың демалуы үшін 
қауіпсіз аймақ болып табылады деген мəлімдемесі жарық көрді. 
Жағдаят 2.
ҚР «Тіл туралы Заңының» 4 –бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 
- қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың 
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу жəне iс 
қағаздарын жүргiзу тiлi делінген. Ал, 11-бапта «Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын 
жауап тiлi Мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен 
басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде 
берiледi» делінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет