11
əкімшілігіне) қызметке көшті. 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясы Президенттік билікті
бекітіп, атқарушы биліктің мəртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың
еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазіргі Қазақстандағы элитаға Президент аппаратының құрамы (Президент, оның
əкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары мен көмекшілері, кеңесшілері),
Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді.
Аймақтық элитаға облыс əкімдері жатады.
3.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның əлеуметтік функиялары. Саяси
көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын
факторлар
Лидер ұғымы
ағылшын тілінен аударғанда «leader», «жетекші», «көшбастаушы»
деген мағынаны білдіреді. Көшбасшы ұғымын антикалық ғалымдар Геродот,
Плутарх
жəне т.б. батырлардан, монархтардан, қолбасшы бейнелерінен
саяси көшбасшылықты
сипаттады. Саяси көшбасшы ұғымын зерттеуде үлкен үлес қосқан – Макиавелли болды.
Ол «саяси лидер – қоғамдық тəртіпті жəне өзінің билігін сақтап қалу үшін кез келген
құралдарды қолданатын, қоғамды жұмылдыра алатын жəне оның атынан пікір білдіретін
патша» деп көрсетті.
Саяси көшбасшылық
– саяси іс-əрекетті жүзеге асыруда
халықтың немесе белгілі бір əлеуметтік топтың мүддесін
толық сезініп, қорғай білетін,
бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған
мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін
біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті.
Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде
атқармайтын, бірақ саяси
өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп
қоғамдық-саяси ұйымға,
қозғалысқа, мемлекетке əрдайым жəне шешуші ықпал ететін
тұлғаны айтады.
Достарыңызбен бөлісу: