Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,13 Mb.
#34322
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.91/03-2015



ПОӘК

«Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



Басылым №___


«Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару»

5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»пәнінен



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2015

мазмұны
1. Дәрістер

2. Білім алушылардың өздік жұмысы


  1. Дәрістер

1-дәріс ТАСЫМАЛДАУ ҮРДІСІН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЖҮРІСТІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

Тасымалдау үрдісінің бірқалыпсыздығы мен үнемі өзгеріп тұруына байланысты пайдаланым жұмысын тиімді атқару үшін темір жол көлігінде жүрісті басқарудың ауқымды жүйесі қызмет атқарады. Бұл жүйе техникалық құралдарды тиімді қолдана отырып, тасымалдар жоспары мен шұғыл тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ағындағы пайдаланым жұмысын ұйымдастыру және басқару бойынша шаралар жүйесі болып табылады. Жүйе орталықтандырудың жоғарғы деңгейімен сипатталады және темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің өзара нақты әрекеттесуін талап етеді, мысалы “ҚТЖ”ҰК” тасымалдау бөлімшелері мен желілі бөлімдер-стансалардың локомотив және вагон деполарының, жол дистанцияларының, сигналдау және байланыстың, энегрия телімдерінің және т.б. бөлімшелер арасында.

Жалпы темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ”ҚТЖ”ҰК”АҚ басқарады. Оның құрамында тасымалдарды басқрау, локомотив және вагон шаруашылығының; жол және құрылыстардың; жүріс қауіпсіздігі және экологияның; сигналдау, байланыс және есептеу техникасының және т.б. департаменттері құрылған, бұл департаменттердің әрқайсысы өз саласының жұмысын басқарады.

Республиканың темір жол желісі территориясы жағынан 13 тасымалдау бөлімшелеріне бөлінген және олар бір жолға біріктірілген. Жол – темір жол көлігінің негізгі дербес құрылымдық бөлігі.

Әрбір бөлімшенің құрамында жол басқару қызметіне сәйкес салалық бөлімдер бар (бұл бөлімдер стансалардың, вагон және локомотив деполарының, жол дистанцияларының жұмысын басқарады).

Темір жолдың пайдаланым жұмысын басқару негізін келесідей маңызды принциптер қалайды: тасымалдау үрдісін жоспар бойынша ұйымдастыру, вагон ағындарын пойыздарды құрастырудың жалпы желілік жоспарының негізінде ұйымдастыру, пойыздардың графикке сәйкес жүрісі және стансаның технологиялық үрдіске сәйкес жұмысы, сондай-ақ пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматика және телемеханика құралдарын, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін кеңінен ендіру.

Атап өтілген принциптерге сәйкес жүрісті басқару жүйесінің келесідей мақсаттары бар:

- республикамыздағы тасымалдар қажеттілігін қанағаттандыру;

- пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз жүрісі;

- жылжымалы құрамды неғұрлым тиімді қолдану;

Осы мақсаттарға қол жеткізудің құралдары ретінде жүрісті басқарудың келесі формалары қолданылады және жүрісті басқару жүйесінің құрылымдық элементтері болып табылады.

Пайдаланым жұмысын техникалық мөлшерлеу, ол тасымалдаудың мемлекеттік жоспарының орындалуын және алдағы уақытта темір жолдың тасымалдарды жүзеге асыруға дайындығын қамтамасыз ететін темір жолдың құрылымдық бөлімдерінің пойыз және жүк жұмысының айлық мөлшерлерін жасауға тіреледі.

Берілген тәулік немесе ауысымдағы нақты шұғыл жағдайды ескере отырып, бөлімше және стансаларда неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жолдың пайдаланым жұмысын шұғыл жоспарлау деп атайды.

Темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін және техникалық мөлшерлер орындалу үшін тасымалдау жұмысын реттеу.

Пойыздардың тоқтаусыз жүрісі мен стансалардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пойыздар жүрісі мен маневр жұмысын үздіксіз бақылау мен тікелей басқаруды алдын-ала қарастырып, стансаларда, телімдерде және бағыттарда пойыздар жүрісін және шұғыл жұмысты диспетчерлік басқару.

Локомотив паркын неғұрлым тиімді қолдану мақсатында оның жұмысын басқару.

Пайдаланым жұмысын есепке алу және талдау, бұл тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда тар жерлерді, технологилық мөлшерлерден ауытқулардың және қиындықтардың пайда болу себептерін анықтауға, оларды жою жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Техникалық мөлшерлер белгілі көрсеткіштер жүйесімен көрсетіледі. Бұл жүйенің құрамына келесі элементтер кіреді:



тәуліктік сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық стансалардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық стансаларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотвердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі.

тасымалдау үрдісін қамтамасыз ету көрстекіштері: құрылымы және түрі бойынша жұмыс вагон паркы және олардың қоры, локомотив паркы және электр энергиясы мен отынның лимиттері.

есепті көрсеткіштер – техникалық стансалардан жөнелтілгентранзитті вагондардың саны, айналым уақыты ішінде вагонның жүріп өткен техникалық стансалардың саны, вагон иіні, жергілікті жұмыс коэффициенті, жүкті тиеу-түсірі стансаларында вагонның бос күйде тұруы.

2-дәріс. Темір жолдағы пайдалану жұмысын техникалық мөлшерлеу
Техникалық мөлшерлеудің мақсаты, тасымалдау жоспарының орындалуын және шамадан тыс орындалуын неғұрлым жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерді сақтай отырып, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

Жолдың, бөлімдердің және стансаның атқаратын жұмысының техникалық мөлшерлері, желілік техникалық мөлшерлеудің құрылымдық бөлігі болып табылады.

ҰК «ҚТЖ» айлық тасымалдау жоспарларының берілгендері бойынша пайдалану жұмысының техникалық мөлшерлері әр ай сайын компаниялар, жолдар, стансалар үшін өңделіп отырылады.

Техникалық мөлшерлер келесі тапсырмаларды орындау үшін бағытталған:



  1. Барлық құрылымдық бөлімдердің жалпы және әр жүк түрі бойынша тасымалдау жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

  2. Тасымалданатын жүктердің түріне және көлеміне байланысты стансалар, бөлімдер, жолдар арасындағы жылжымалы құрамның түрі бойынша вагон паркын дұрыс тарату, сонымен қатар вагон қорын жолдар арасында тасымалдаудың маусымдық артуы кезінде тарату;

  3. Пойыздар салмағы мен жүріс өлшеміне байланысты, локомотив сериялары бойынша жолдар, бөлімдер мен деполар арасында локомотив паркын тарату;

  4. Пайдалану шығындарын азайту, жүк жеткізу мерзімін және және вагон айналымын жеделдету үшін үнемді жүрістерді толық пайдалану;

  5. Статистикалық жүктеменің артуын ескере отырып, жолдарды бос вагондармен (түрлеріне байланысты) қамтамасыз ету;

  6. Темір жол желілерінің тасымаллдау қабілетіне сәйкес вагон ағындарын неұрлым тиімді тарату;

  7. Вагондардың түйіспе бекеттері арқылы өтуін және құрылымдық бөлімдерде болууақытын есептеу;

  8. Алда тұрған жұмыстың көлеміне сәйкес жолдар арасында жанармайды, электр энерггиясының лимиттерін, жұмыс кадрларын тарату;

Сонымен, техникалық мөлшерлер, теміржол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінде пайдалану жұмысының сапасын арттыруда маңызды құралдардың бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет