Жүйке ұлпасы жүйке жасушалары нейрондардан және нейроглиядан құралған.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушалары нейрондардан және нейроглиядан құралған.
Жүйке жасушасы нейрон деп аталады. Нейронның денесі және ұзын, қысқа өсінділері болады.
Нейронның ұзын бір ғана өсіндісі аксон деп, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады. Нейронның денесінде дендриттер өте көп кездеседі.
Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронаға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонныі бойымен жылжып кете береді.