ҚЎлпыбаев с


Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс



бет171/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

15.3. Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс


Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс анықтамасы бойынша 14 тарауда баяндалған бюджеттердің барлық түрлеріне ұқсас: бұл – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебімен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Бюджеттік кодексте билік пен басқару органдарының – облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты мен акиматының өкілеттіктері белгіленген.
Жергілікті бюджеттерді болжау жоспарланып отырған кезеңге арналған жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісі болып табылады. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Жергілікті бюджеттер жобаларды әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауы;
2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;
3) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу.
Бюджеттік үдерісте мынадай құжаттар пайдаланылады: өңірдің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-эко­номикалық даму болжамы; жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары; операциялық жоспарлар.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық және бағ­дарламалық құжаттарды ескере отырып жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы органның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын қамтитын құжат болып табылады.
Болжам өңірдің салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттік түсімдерді болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады.
Жергілікті бюджет бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемін айқындау;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемі:
жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
жергілікті атқарушы органның резервін трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдері көлемінің 2%-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен, ал аудан болжамының жобасын – 25 сәуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жобалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді, оны іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
Бюджеттік түсімдердін болжауды әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік өтінімдерге өзгеоістермен толықтурылардың жобаларын ұсынады.
Республикалық деңгейге ұқсас, жергілікті бюджеттің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар, өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін өзгерістермен толықтырулардың жобаларын олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, бюджеттік және өзге заңнамаға, мемлекеттік қызметтің қолданы­лып жүрген натуралдық нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті ұсыныстарды жергілікті бюджеттік комиссия қабылдағаннан кейін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қабылданған шешімдермен сәйкестендіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарлардың түпкілікті жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган мақұлдаған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен өңірлердің бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негізінде жергілікті бюджеттердің жобасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен, аудандікін (облыстық маңызы бар қаланың) 1 қазанынан кешіктірмей аяқталады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті жергілікті атқарушы орган Бюджеттік кодексте көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан аудан маңызы бар қала бюджетінің жобасын 1 қарашадан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тұрақты комиссиялар комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады, олардың пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады.
Жергілікті бюджеттерді олардың және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететін байланысты қарастырылады. Жергілікті атқарушы резервінің жалпы көлемі қарыздарды есепке алғанда тиісті жергілікті бюджет түсімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет