ҚЎлпыбаев с


кесте. Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттерінің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы (2010 ж.)



бет170/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

15.3 кесте. Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттерінің
кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы (2010 ж.)



Атауы



млрд.
тенге

жиынға,
%

мем. бюд-жетке %

І. КІРІСТЕР

2407,4

100,0

12,0

Салықтық түсімдер

850,5

35,3

4,2

Салықтық емес түсімдер

33,4

1,4

0,1

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

36,9

1,6

0,4

Трансферттер түсімдері

1486,5

61,7

7,4

ІІ. ШЫҒЫНДАР

2330,6

100,0

11,6

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

66,5

2,9

0,3

2. Қорғаныс

10,0

0,4




3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық- атқару қызметі

68,7

2,9

0,3

4. Білім беру

629,7

27,0

3,1

5. Денсаулық сақтау

330,3

14,2

1,6

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

97,4

4,2

0,5

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

332,9

14,3

1,7

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

129,8

5,6

0,6

9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

68,5

2,9

0,3

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

98,1

4,2

0,5

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

23,9

1,3




12. Көлік және коммуникация

206,1

8,8

1,0

13. Басқадай шығындар

19,0

0,9




14. Борышқа қызмет көрсету

0,5







15. Трансферттер

249,0

10,7

1,5

IІІ. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

7,2







Бюджеттік кредиттер

9,1







1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

5,7







2. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1,9







3. Басқалар

1,4







Бюджеттік кредиттерді өтеу

1,9







ІV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

63,0




0,3

Қаржылық активтерді сатып алу

63,4




0,3

1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

5,0







2. Басқалар

58,3




0,3

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер

58,3




0,3

V. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

6,6







VI. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

-6,6









Қарыздар түсімі

36,6




0,2

Қарыздарды өтеу

15,6







БЮДЖЕТ қаражаттарының қолданылатын қалдықтары

-27,5




0,1

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (61,8%) қалыптасып отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атап өтілгендей, 35,3%-ды құрайды, олардың ішінен әлеуметтік салық – 19,5%, жеке табыс салығы – 13,0% басым болып отыр.


Сөйтіп, түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың (Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары) бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажет-тіліктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 70-81 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты.
Бұл аспектіде республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар механизмінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады, яғни объективті қағидаттарға негізделген бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді. Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық әлуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының 6,6%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне, қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде түсімдердің тағы 22,4%-ын аударады. Қарсы жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік әлуетте 1,8% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын қалыптастырады.
Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ақ олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым – су құбыры, көлік, тазалау службасы және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілген.
Жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына арналған оларды әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін резерв қарастырылады.
Облыстық деңгейдің атқарушы органдарының резерві мыналарды кіріктіреді: төтенше резерв; шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтер.
Аудан деңгейінің атқарушы органдарының резерві төтенше резервті, шұғыл шығындар резервін, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті кіріктіреді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.
Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару органдарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық- техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды – білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан – көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр (15.1 және 15.2 кестелерді қараңыз).
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.
Трансферттерде – жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары (10,7%).
Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық базасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.
Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфра­құрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 100%-ға жуық, білім беру – 83,4%, денсаулық сақтау – 59,9%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік – 57,0%.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалынған шығыстар 10,8%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі.
Басқа топтар бойынша шығыстардың көлемдері айтарлықтай әжептәуір: басқару (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) – 29,6%, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік – 18,6%.
Жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінде жалпы экономикалық қаржыландырудың үлес салмағы азғантай – 16,9% (мемлекеттік бюджетте – 56,2%), бірақ екі жағдайда қызметтің «Көлік және коммуникация» түрі басым болып отыр – тиісінше 8,8% және 52,7%.
Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалмының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұры­лым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.
Облыстар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатымен бюджеттердің тапшылықтарын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыздар алу түрінде жүзеге асырылады.
Осыған ұқсас, аудандардың ( облыстық маңызы бар қалалардың ) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды ( бағдарламаларды ) іске асыру мақсатымен аудан ( облыстық маңызы бар қаланың ) бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыздар алу түрінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органның қарыздары бойынша алынған қаражаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы ретінде көрсетілген мақсаттарға пайдаланылады.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы орган борышын өтеуге және қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектелінеді.
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және қызмет көрсетуді олар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіппен жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет