Институционалдық инвестор – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңи тұлға.
Инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие əрі экономикалық жəне (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық нəтиже.
Инновациялық грант – тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жəне (немесе) қолданбалы сипаттағы тəуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, зияткерлік меншік объектін шет мемлекеттерде жəне (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант туралы келісімшартта көзделген талаптарда берілетін бюджеттік қаражаттар;
Инновациялық даму институттары – инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған заңи тұлғалар;
Инновациялық инфрақұрылым –Қазақстан Республикасы инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъекттілерінің жүйесі;
Инновациялық қор – инновациялық жобаларды жəне инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жəрдемдесетін заңи тұлға;
Инновациялық кызмет – инновацияларды өндірістің жəне қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану;
Инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағытталған жəне инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын жəне аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені;
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметті қолдауды қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы;
К
Кастодиан – қаржылық құралдар мен клиенттер ақшасының есебін алуды жəне олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржылық құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жəне Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сəйкес өзге қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |