ҚЎлпыбаев с



бет308/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Технологиялық парк – тиімді инно­вациялық ортаны қалыптастыру мен дамыту арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалатын біртұтас материалдық-техникалық кешені бар аумақты меншік құқығына немесе өзге заңи негіздерде иеленетін заңи тұлға;
Туынды қаржылық құрал – құны болашақта осы келісімшарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін келісімшарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тəуелді болатын келісімшарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар жəне басқа туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржылық құралдардың комбинациясын білдіретіндер жатады. Туынды қаржылық құралдардың базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, пайыздық мөлшерлемелер жəне рыноктық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мəн-жай, өзге де туынды қаржылық құралдар болуы мүмкін;
Тікелей нəтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджеттік қаражаттар шегінде атқарылатын мемлекеттік функ­циялар, өкілеттіктер жəне көрсетілетін мемлекеттік қызметтар көлемінің сандық сипаттамасы.
Түзетілген бюджет – тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мəслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Тіркелген активтер – салық төлеуші­нің бухгалтерлік балансында ескерілетін жəне жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер.
Түпкілікті нəтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нəтижелеріне қолжетімділікпен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, əлеу­меттік саланың, экономиканың, қоғам­дық кауіпсіздіктің жəне мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі).
Тұлға – жеке тұлға жəне заңи тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңи тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған ұйым (заңи тұлға-бейрезидент). Шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа корпоративтік құрылым Салықтық кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңи тұлғасы мəртебесіне ие ме, жоқ па – осыған қарамастан дербес заңитұлғалар ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет