ҚЎлпыбаев с



бет310/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ү
Үкіметтік борышҚазақстан Респуб­ликасының Үкіметі алған жəне өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы.
Үкіметтік борыш лимиті – алынған жəне өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс.
Үкіметтік қарыздарды хеджерлеу – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уəкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тəуекелдерін (валюталық, пайыздық жəне өзге) басқару мақсатында қаржылық құралдармен мəмілелер жасау.
І
Ішкі жалпы өнім – аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіш­тердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рынок­тық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
Ішкі қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының рези енті болатын қарыздық қатынастар.


Ф
Функциялық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық орта валютасы.
Фьючерс – стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар жəне ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын келісілген баға бойынша жəне белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді.
Х
Хеджерлеу – қаржылық құралдармен мəміле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің кірістері мен шығыстары туындауының жай-күйіне байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы мөлшерлемелерінің немесе өзге ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тəуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет