ҚЎлпыбаев с



бет106/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1) салықтар:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
экспортқа рента салығы;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
әлеуметтік салық
көлік құралдары салығы;
жер салығы;
мүлік салығы;
құмар ойын бизнесі салығы
тіркелген салық;
бірыңғай жер салығы.
Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.
2) бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:
мемлекеттік баж;
алымдар:
тіркеу алымдары: заңи тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жылжымалы мүлікке кепілдікті және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркеуді мемлекеттік тіркегені үшін алым; дәрілік заттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркеуді мемлекеттік тіркегені үшін алым; туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық келісімшарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым; бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тіркегені (есепке алғаны) үшін алым;
алымдар: автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
төлемақылар: жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы; жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайдаланғаны үшін төлемақы; радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлемақы; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы; кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы;
кедендік төлемдер:
кедендік әкелім және әкетілім баждары;
кедендік одақтың кедендік аумағына тауарлардың әкелімі кезінде алынытын қосылған құн салығы және акциз (акциздер);
кедендік алымдар.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомасы Бюджеттік кодекс пен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Салықтық катынастарды реттеуші құықтық нормалар Салықтық кодексте сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген.
Салық службасының органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кодтары бар уәкілетті органнан және салық органдарынан тұрады. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша,аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері,сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнаулы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
Салық органдары, тиісті жоғарғы салық службасы органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Уәкілетті орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Мыналар Салық службасы органдарының негізгі міндеттері болып табылады: салықтың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз ету; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету; салық төлеушілердің салықтық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін атқаруына салықтық бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының салықтық саясатын іске асыруға қатысу; өз құзыры шектерінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.
Сонымен бірге «Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржылық категория, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салықтық төлемдерді өндіріп алу (есептеу және алу) үдерісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет