ҚЎлпыбаев с



бет143/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кiтапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерiн, мұражайлар мен көрмелердi, театрларды, филармонияларды, сазгерлiк ұйымдарды, ансамбльдердi, киностудияларды ұстауды кiрiктiредi; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсiпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебiнен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердiң бiрқатар мекемелерi (театрлар, цирк­тер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншiктi табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерiнде бюджеттен жәрдемқаржының сомасы белгiленедi.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мәдениеттің осы заманғы дамыған жүйесін қалыптастыруға, Ұлттың мәдени және рухани әлуетінің өсуін қамтама­сыз етуге, мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекелес­тігін арттыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстayғa жұмсалатын шығыстаp мемлекет құрылтайшысы болып келетiн мемлекеттiк радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруғa бағытталады. Байланыс және ақпарат министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда 2695 жұмыс істейді. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының 436-сы(немесе 16%-ы)ғана мемлекеттік болып табылады.
Мемлекет халықтың денсаулығын ұдайы жақсартуға үлкен мән береді.
Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9%-ынан 2010 жылы 3,2%-на дейін ұлғайды. 2012-2014 жылдары бұл шығыстар 1.3 триллион теңгені құрайды.
Денсаулық сақтау сферасын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі 2 еседен астамға өсіп,2007 жылғы жылғы 311 миллиард теңгеден 2011 жылы 640 миллиард теңгеге жетті.Қазіргі заманғы жабдықтар сатып алу үшін медицина мекемелеріне 100 миллиард теңгедей қаржы бөлінді.Осы кезеңде 145 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды.Кепілді тегін медициналық көмек көлемі айтарлықтай ұлғайды.пен денсаулықты қаржыландыру механизмдері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін баламалы қаржылық қамтамасыз ете отырылып және бұл жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады. Бюджеттік құрамдас бөлік Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға құрылады. Мақсат--Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулықтарын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру. 2011-2015 жылдарға тиесілі барлық шығындар 445,66 миллиард теңгені құрайды.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету мына көздер есебінен жүзеге асырылады:
мемлекеттік бюджет қаражаттары;
медициналық сақтандыру қаражаттары;
ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алынған қаражаттар;
Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету ақысыз медициналық жәрдемнің кепілденілген көлемін көрсеткені үшін мемлекеттік бюджет қаражаттары, медициналық сақтандыру қаражаттары, ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алынған қаражаттар, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық жәрдемнің кепілденілген көлемін көрсетуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру мына нысандарда жүзеге асырылады:
мемлекеттік медициналық мекемелер-қаржыландырудың дара жоспарлары бойынша;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары – үкімет анықтайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісімшарттық негізде;
алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін және бекітіліп берілген халқы бар ұйымдар – жанбасылық нормативтер бойынша.
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық қаражаттары мыналарға бағытталады: медициналық жәрдемнің ақысыз кепілденілген көлемін көрсету бойынша шығындарды өтеуге; денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;
денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
өміршеңдік маңызды дәрілік құралдарды, қанды және оның компоненттерін, вакциналарды және басқа иммунобиологиялық медициналық препараттарды, сонымен бірге медициналық техника мен медициналық арналым бұйымдарын сатып алуға;
жұқпалы аурулар жағдайлары мен міндеттерін жоюға;
медициналық және фармацептикалық кадрларды даярлауға және біліктілігін арттыруға;
медициналық ғылымды дамытуға және оның жетістіктерін енгізуге және т.б.
Медициналық жәрдемнің ақысыз кепілденілген көлемін көрсету бойынша шығындарды өтеу көрсетілген медициналық жәрдемнің сапасы мен көлемін медициналық қызметтер сферасында бақылау жөніндегі мемлекеттік орган заңнамамен анықталған тәртіппен жүзеге асыратын бақылау нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет