ҚЎлпыбаев с


сызба. Лаффердің қисық сызығы



бет239/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

20.4 сызба. Лаффердің қисық сызығы

Мұндағы:


В – салық базасы (өнімнің рыноктық шығарылымы, ұлттық өндірістің салық салынатын бөлігі);
D – бюджет кірістері;
Т – салық салудың прогрессивтігі (норма,%);
ε – салық базасының икемділігі (өнім өндіру).

Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты бейнелеп көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан – Т нүктесінен асып кетсе, онда салықтық түсімдерден түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.
Лаффердің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшер­леме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т’ нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі сұранымды ынта-ландырмайтын болса, Т’ нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвистицияларға ынталандырмалар жасайды.
Лаффердің графигі сан жағынан дәлме-дәл түсіндірілмейтін белгілі бір шекке дейін (салық шәкілін қалыпты және тыйым салынатын аймақтарды кесіп өтетін суретте «Т’» символымен белгіленген) салық салу нормасының артуы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан экономикалық агенттердің ықыластандырғыш уәждерін шалмайтындықтан ол бәсең қарқынмен болсада бюджет кірістерінің сомасын көбейтетінін жобалап түсіндіреді. Салық салу нормасы өскенімен өнім шығару (жоғарғы ауытқыма) бір шама қысқарады.
Өнім шығарымы (жоғарғы ауытқыма) салық салу нормасының өскенімен салыстырғанда азырық қысқарады. Керісінше, бұл шектен ары салық жүйесінің экономикалық белсенділікті басатыны соншалық, салық базасы анағұрлы жоғары үдемеде тарылады, демек, мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, бюджеттің кірістері қысқарады.
Салықтар қысқаруының, салық салудың шекті нормалары төмендеуінің экономикаға, салықтық базаға өте күшті – сипаты бойынша үш түрлі – ынталандырушы нәтижесі болуы мүмкін:
1) рынокқа ұсынылатын (олардың «таза» табыстылығын арттыратын салыстырмалы бағалардың өзгеруі нәтижесінде) және өндіріс көлемін кеңейтетін еңбек пен капитал санының көбеюінен салықтық база өседі;
2) рынокта пайдаланылып та отырған еңбек пен капитал төмен салық салынатын сфералардан шаруашылық харекетінің жоғары салық салынатын сфераларына ауысады (бұл ретте сфералар бойынша капиталдың бөлінісі жақсарады және нәтижесінде экономиканың жалпы тиімділігі артады);
3) экономикалық агенттердің белгілі бөлігі «астыртын экономикадан» жариялық «таксалау» экономикалық қызметке шыға отырып, салықтан жалтарынуды қысқартады.
Бірге алынған осы үш нәтиже шекті салық мөлшерлемелерін қысқарту салықтық түсімдерді шындығында қалай көбейтетін қарапайым логиканы көрсетеді.*27
Алайда салықтардың сұранымға ықпал етуі ұсынымға қарағанда тезірек болатынын есте ұстаған жөн. Қысқа мерзімде салықтардың төмендеуі дереу жиынтық сұранымның өсуіне және бюджетке түсетін салықтық түсімдердің азаюына жеткізеді. Ал ұсыным факторлары жинақақшалар, инвестициялар, еңбек ынталандырмалары – ұсыным факторлары әрекетінің инерциялылығына байланысты ұсынымға салықтардың ықпал етуінің ұзақ мерзімді сипаты болады.
Тауарлық салықтар ортақ мақсаттарға, яғни қоғам игілігіне пайдаланылатын өндірушілер мен тұтынушылар қаражаттарының бір бөлігін мемлекетке беру үдерісіне ғана қозғау салмайды. Олар сонымен бірге өнімнің бір бөлігінің өндірілмеуімен пайда болатын қоғам тиімділігін ысырапқа ұшыратады. Бұл құбылыс артық салық ауыртпалығы деп аталады, мөлшері сызбадағы (12.6) АВС үш бұрышының алаңымен анықталады, бұл өндіріс пен тұтынудың олардың оңтайлы деңгейінен төменірек төмендеуімен байланысты болатын қоғам ысырабын білдіреді.
Мөлшерлемелер шамасымен және тиісінше, салықтық алынымдармен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспекті ішкі қоланымдарды «ұстай тұру» және шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін болатын неғұрлым қолайлы салықтық климаты бар елдерге «капиталдың безінуін» тудырады.
Бұл факторға сонымен бірге салық салу деңгейі төмен немесе оның тіпті жоқтығы болатын «оффшорлық аймақтардың» болуы мүмкіндік туғызады. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетел капиталының енуіне бөгет жасайды, бұл ішкі қорланымдардың жеткіліксіздігі кезінде экономика дамуын тежейді. Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды есепке алуға және экономикалық қарым-қатынастардағы елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет