ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы



бет241/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

21.1 сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздар рыногының өзара байланысы

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып келетін бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады (21.1 сызбаны қараңыз). Ол қоp құндылықтарының: корпоративтiк бағалы қағаздардың – акциялар мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қоp рыногын және мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кiрiктiредi. «Қор рыногы» терминi бастапқыдa бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қоp биржасының атауымен байланысты.


Функциялық тұрғыдан қаржы рыногы – бұл шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, банктердiң, мемлекеттiң уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғыpландыруды және қайтa білудi қамтамасыз eтeтiн рыноктық қатынастардың жүйесi. Бұл рыноктың жұмыc iстeyi көптеген экономикалық, әcipece инвестициялық үдерiстердi тәртiпке (ретке) келтiрiп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетедi.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыc iстey шарттарын айшықтайды. Oғaн мыналар жатады:
1) реттелiнген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегi және арналымдағы тауарлар мен қызметтер кірсету бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
2) Ұлттық банк тарапынан aқшa айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредиттік ресурстарды еркін рынокқа орналастыру; кредиттік ресурстардың қозғалысы Ұлттық банктiң пайыздық есептiк мөлшерлемесiн, коммерциялық банктердiң мiндеттi резервтерiнiң нормасын, ашық aқшa рыногында операциялар жүргiзудi белгiлеу арқылы реттелiнедi.
Кез келген субъектінің қаржылық ресурстарына қажеттiлiгi және оны қанағаттандырудың нақтылы көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыc iстeyiнің объективтi алғышарты болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыc iстeyiнің негiзгi алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекенi дамыту мен монополизмдi шектеу мақсатындағы материалдық өндiрiс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншiктiң барлық нысандары шаруашылық жүргiзушi субъектiлерінің, соның iшiнде мемлекеттiк сектордың да кең дербестiгi;
2) қаржылық ресурстарды қайта бөлудегi мемлекет рөлiнiң қысқаруы: инвестицияларды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсiпорындар арасында iшкiведомстволық қайта бөлудiң азаюы;
3) шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өcуi;
4) бюджеттердің тапшылықтарын қаржыландыру үшiн несиелік қорды пайдалануды тоқтату; республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң тапшылықтары облигациялар мен басқа міндеттемелердің айналысы бар мемлекеттік қарыздарды шығарумен жабылады.




Қаржы рыногының маңызы бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндiрiс үдерiсiне ықпал етумен ғaнa айқындалып қоймайды. Оның жұмыc iстeyi әкiмшiл-әмiршiл экономикаға тән «сатылас» әдiстiң орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкiндiк бередi. Деңгейлес қозғалыс кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында қаржылық ресурстарды өтеусiз қайта бөлу түрiнде төте байланыстар ic-әpeкeт етедi. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектiлерге жедел аудару есебiнен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтiп, қаржы рыногы қаржының қосалқы категориясы ретiнде қайта бөлгiштiк қосалқы функция орындайды, ал сонымен бiрге экономикалық агенттердi дамыту және ұдайы өндiрiсті ұлғайту мaқcaттapындa олар қаржылық ресурстармен қамтамасыз етiлетiндiгiне қарағанда қаржы рыногы ұдайыөндiрiстiк функция орындауы тиiс.
Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу жолымен бизнестiң нақтылы құнын бағалауға мүмкiндiк бередi: тиiмдi жұмыc iстейтiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгiленедi.
Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейдi, өйткенi бюджет тапшылығын жабу үшiн үкiмeт ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта epкiн жүретiн бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз етумен анықталады.
Экономикалық реформа үдерiсiнде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыc iстeyi экономиканың дағдарысы тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қapaмa-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезiгедi. Бұл рынок әзiрше экономикалық табысты жұмыc iстеп жатқан көптеген компанияларды қамтымайды. Бiрқатар компаниялар ресми мойындалған акциялар шығарған акционерлер болып табылады, біpaқ олар акцияларымен қаржы рыногына шықпайды. Акциялардың пакеттерi оларды ұстаушылардың қолында болады, ұстаушылар дивидендтерден алған табыстарымен қанағаттанады, ал компаниялардың өндірістік қажеттiлiктерiн қаржыландыру iшкi көздер – бөлiнбеген табыс, амортизациялық аударымдар, кредиторлық берешектер есебiнен жүpгiзiледi.
Отандық қаpжы рыногы дамуының басым бағыттарының ірі тартымды қаржылық құралдардың көлемдi тiзбесiн қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттың негiзгi мiндетi жаңа қаржылық құралдардың пайда болып, қалыптасуына жағдай жасайды, мұның өзi инвесторларда жұмсалымдарды әртараптандыру жолымен кредиттiк тәуекелдердi қайта бөлу мүмкiндігінің, ал эмитенттердiң кәсiпорындарында банктік кредиттiң арзан баламасы болып келетiн қарыз алулардың жаңа көзiнiң пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқa мерзiмдi немесе құны жоғалмай жеңiл өтетiндей болуы тиiс. Бағаның үнeмi өсiп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімi аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмге салуға бармайды. Инфляция кезiнде ұзақ мерзiмдi инвестициялар үшiн жылжымайтын дүние-мүлiкке, тауарларға, epкiн айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмcay неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшiлiк бөлiгiнiң тұрмыс деңгейiнiң төмендiгiнен тежелiп отыр, мұның өзi жеке инвесторлардың санын азайтады. Сондықтан қаржы рыногын дамытудың мiндетi инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың (кәсiпқой емес инвесторлардың) жинақақшаларын тартудың механизмдерiн жетiлдiру болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыc iстeyiнің маңызды факторы сонымен қaтap саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бiрқатар елдердiң экономикалық кеңiстiгiн қамтуы мүмкін. ТМД елдерiнiң саяси болмыстары не ол, не бұл кәсiпорындардың рентабелдiлiгiне қатысты ұзақ мерзiмдi болжамның мүмкiндiгiн жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейдi.
Қаржы рыногының жандануы корпоративтiк бағалы қағаздарды экономиканың нақты секторы кәсiпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезiнде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейiн қаржы рыногының бұл ceгментi жақсы дамымады, бұл тұтас алғанда экономикалық әлуеттi тежейдi.
Инвестициялық институттар, қоp биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелерi түрiндегi құрамды элементтерді кipiктipeтiн ұлттық қор жүйесiн қалыптастыру бiр мезгiлде басқа рыноктық құрылымдардың, ең алдымен, әp түрлi тұрпаттағы акционерлiк қоғамдардың қалыптасуымен бұл жүйенiң қызметiн мемлекеттiң экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлi кезiндегi сенiмдi заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргiзiлуi тиіс.
Қазақстанның қаржы рыногының одан ары дамуы ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізгі түйіндерін ескеретін болады.
Қаржылық ресурстарды жұмылдырудағы мемлекеттің күш салуы бірінші кезекте ішкі инвесторларға бағытталуы тиіс. Экономиканың ішкі ресурстары өзінің әлуетін сақтайды және ішкі жинақ ақшаларды, соның ішінде теңге секторында айналыста жүргендерді тез және ауқымды тарту бойынша құралдарды жылдамдата енгізу қажет. Осыған байланысты анағұрлым орнықты және тартымды ұлттық , мемлекеттік және мемлекеттің қатысуымен компаниялардың («көгілдір фишкалардың») оларды бөлшек сауда инвесторларының арасында орналастырумен қор рыногына шығару орынды болып табылады.
Сонымен бірге Қазақстанның салыстырмалы шағын экономикасы жағдайларында ресурстардың шектеулігі шетел инвесторларының қаражаттары мен ресурстарының индустрияландыруды қаржыландыру бағдарламасының үдерісінде жоғары мәнділігін айқындайды.
Постдағдарыстық дамудың негізгі басымдықтарының бірі қаржы секторында бәсекені ынталандыру болып табылмақ. Тура іс-шаралар ретінде бұл қаржылық институттардың, бірінші кезекте банктер капиталының ең аз мөлшерін біртіндеп көбейтудің қажеттігін қарастырады.
Қаржы рыногын реттеу және қадағалау контркезеңділік қағидатында, соның ішінде провизияларды қалыптастыру экономиканың белсенді өсуі кезеңінде меншікті капиталды, резервтерді және өтімділікті көбейту және құлдырау кезеңінде қордаланған әлуетті пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Жүйелі тәуекелдер, келешекте дағдарыстық құбылыстарды болдырмау және Қазақстанның қаржы жүйесіне сенім білдіруді қамтамасыз ету мақсаттарында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жүйесінің тиімділігі одан ары дамытылатын және арттырылатын болады. Банк конгломераттарын реттеу және қадағалау банк конгломератына қатысушылар ұшырайтын әлуетті тәуекелдерді практикалық айқындауға бағытталған пруденциялық реттеу және топтың инспекциялауын жетілдіру арқылы күшейтілуі мүмкін топтың инспекциялауын жетілдіру арқылы күшейтілуі мүмкін.
Инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау механизмдері күшейтуді қажет етеді. Мұндай қорғаудың баламалы механизмдерінің болуы кез келген елдің қаржы рыногының табысты жұмыс істеуінің және дамуының ажырағысыз шарты болып табылады.
Постдағдарыстық дамуда корпоративтік басқарудың сапасы мен қаржылық ұйымдар қызметінің айқындығын өсіру, тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйелерінің сапасы мен тиімділігін бағалауға қадағалау органының тәсілдемелері мен рәсімдерін жетілдіру, қаржылық ұйымдар қызметінің айқындылығын және олардың қаржылық жағдайы жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Қаржылық құралдарды бағалау жүйесін жетілдірудің үлкен маңызы бар. Мұндай құралдарды баламалық бағалау механизмдерін анықтау үшін тең мәнді критерийлер мен қағидаттарды пайдалана отырып, барлық қатысушыларға қаржылық құралдардың әділ құнын анықтау, сондай-ақ институционалдық инвесторлардың портфельдеріндегі жекелеген қаржылық құралдардың құнсызданужүйесін сәйкестендіру қажет.
Тепе-теңсіздіктердің жиналуын болдырмай, нақты және қаржылық активтер «көпіршіктерінің» пайда болуын болдырмау, сондай-ақ жүйелі тәуекелдерді азайту бойынша оңтайлы механизмді жасау көкейтесті бағыт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет