ҚЎлпыбаев с



бет71/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

7.2. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және рыноктық экономика жағдайларында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.


Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды осы немесе өзге түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін (7.1 сызбаны қараңыз).
Межелеудің ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілерді қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып табылады.
Қызметтің материалдық сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілері бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады.
Қызметтер көрсету сферасы қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасау үдерісі, әдеттегідей, олардың тұтыну үдерісімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды*4.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға – қаржыландыру, өнімдер мен қыз­мет­тер құнының жасалу үдерістеріндегі қаржылық қорлардың қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржылық нәтижелерін қалыптастыру – қорланым­дарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес бірқатар басқа үдерістердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет