ҚЎлпыбаев с


Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың



бет73/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

7.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың
шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының ерекшеліктері

Экономиканы реформалау, рыноктық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.


Экономиканың негізгі буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъект меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы кезінде, тауар-ақшалай қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, экономиканың нақты секторының жекеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық ресурстары есебінен жасалады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза пайда, банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар) есебінен жасалады: мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив мүшелерінің пайлық жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттастырылған қаржылық ресурстардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі және айналым капиталының үлкен бөлігі мемлекетке тиесілі мемлекеттік кооперативтерде жұмыскерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.
Өндірістің бастапқы қаржылық ресурстарының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қыз­меттің қаржылық нәтижелері бөлініп, пайдаланылады: таза пайда; пайыздық табыс, дивидендтер; пайлық табыстар, бюджеттің шығыстарын (бюджеттік кредиттерді) және бюджеттен тыс қорларды өтеу.
Пайлық жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың – шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақшалай қаражаттар, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүліктік құқықтар (жерді, табиғат ресурстарын, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
«Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға сәйкес шаруашылық серік­тестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңи тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі*;
3) жәй серіктестік;
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
5) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
6) акционерлік қоғам;
Толық серіктестіктің табысы мен залалдары қатысушылар арасында, егер қатысушылардың құрылтай келісімшартында немесе келісімінде өзгеде қаралмаса серіктестіктің жарғылық капиталына салған олардың салымдарының мөлшеріне үйлесімді түрде бөлінеді; жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен сенім серіктестігінде де осылай бөлінеді.
Қаржылық қатынастардың акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олардың ашық және жабық тұрпаты (яғни ұстаушылардың шектеулі аясының арасындаакцияларды таратумен), толық немесе шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығы әсер етеді. Акционерлендіру механизмі неғұрлым егжей-тегжейлі «Қаржы рыногы» тарауында қаралған.
Акционерлік қоғамның баланстық пайдасы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза пайда (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:
1) қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2) егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарына жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін пайданың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивиденд­тер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және әлемдік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарын неғұрлым тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржылық ресурстардың қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның рыноктық сұранымының ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акцонерлік нысанның аса маңызды артықшылығы – сонымен бірге бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі. Бұл ретте әр түрлі нұсқалар пайдаланылады:
1) кәсіпорындарға -шикізатты жеткізушілерге қатысу;
2) рынокты иемдену үшін басқа өңірлерде орналасқан ұқсас кәсіпорындарға қатысу;
3) өнімнің орнықты өткізімін қамтамасыз ететін сауда және көлік кәсіпорындарына қатысу;
4) пайда алу мақсатымен неғұрлым табысты кәсіпорындарға қатысу.
Рынок жағдайларында акционерлік қоғамдардың басқа ұйымдық-құқықтық нысандарға қарағанда айтарлықтай орнықтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамның қалыптасу мүддесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокты жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеге асыру есебінен қол жетеді. «Шектеулі жауапкершілік», яғни тек ак-цияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершілік қағидатының іс-әрекет етуі дара қаражаттар негізінде пайда бола алмайтын, айтарлықтай тәуекелді (жылдам қайтарым алу және жоғары пайдалылық көзқарасы тұрғысынан) кәсіпорындар құру үшін алғышарт болып табылады.
Акционерлік ұйым негізінде корпорациялар – ірі шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс істейді.
Корпорация қандайда бір мақсатқа жету үшін біріккен және құқықтың дербес субъекті – жаңа заңи тұлғаны құратын тұлғалардың жиынтығы ретінде анықталады. Әдеттегідей, корпорация қатысушылардың үлестік меншігін және жалдау бойынша жұмыс істейтін кәсіби басқарушылардың (менеджерлердің) басқару функцияларын орындауын қарастырады; шығарылатын акциялар қор рыногында айналыста болады. Корпорацияның көп таралған түрі холдинг болып табылады. Әр түрлі елдерде өндірістік және коммерциялық қызмет жүргізетін корпорациялар трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет